Автореферат Байжуманова К.Д.


ӘОК 622.647.2                                                                           Қолжазба құқығында

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БАЙЖҰМАНОВ ҚАДЫРБЕК ДӘКЕНҰЛЫ

 

 

Құрылыс индустриясы кәсіпорынына арналған арнайы арқанды-пластиналы конвейерді зерттеу және негізгі параметрлерін тағайындау

 

 

05.05.04 – «Жол, құрылыс және көтеру-тасымалдау машиналары»

 

 

 

 

Техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу

үшін дайындалған диссертацияның

 

авторефераты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан республикасы

Алматы, 2008

 

Жұмыс Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің «Көтеру-тасымалдау машиналары және гидравлика» кафедрасында орындалған

 

 

 

Ғылыми жетекші:                                техника ғылымдарының докторы

                                                               Омаров Қ.А.

 

 

 

Ресми оппоненттері:                          техника ғылымдарының докторы

                                                              Қайнарбеков Ә.Қ.

                                                            

                                                              техника ғылымдарының кандидаты   

  Иманбеков Қ.А.

 

 

 

Жетекші ұйым:                                   «Машинажасау» сала аралық ғылыми-техникалық орталығы

 

 

 

Диссертация 2008 жылы «28» қарашада сағат 1600-де Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті жанындағы Д14.17.02 диссертациялық кеңесінің мәжілісінде қорғалады. Диссертациялық кеңестің мекен жайы: 050013, Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі 22 үй, Машинажасау институты, МСК 21.

Факс: 8(7272)926025, т.2577183 (083), E-mail: aspirantura@ntu.kz

 

 

Диссертациямен Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің кітапханасында танысуға болады.

 

 

Автореферат 2008 жылы «28» қазанда таратылды.

 

 

 

 


Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы    

                      Сазамбаева Б.Т.


                                                   КІРІСПЕ

 

Жұмыстың маңыздылығы. Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасының шарттары бәсекеге қабылетті өнімдерді шығаруды, қажетті бұйымдардың техникалық деңгейі мен сапасын жоғарлатуды, олардың пайдаланымдылық және тұтынушылық қасиеттерін арттыруды, сонымен қатар жүйелік жаңартуды қажет етеді.

Нарық экономикасының алдыға қойған тапсырмаларын шешудің бірден-бір жолы өнеркәсіптің тау-кен саласына және құрылыс индустриясы кәсіпорындары мен карьерлеріне циклді–ағынды технология (ЦАТ), ал келешекте - конвейерлердің арнайы түрлерінің жаңа қарқынды конструкциясы қолданылған ағынды технология енгізу болып табылады.

МТКА (Мәскеу), Н.Э.Бауман атындағы ММТУ, КТМБҒЗИ (ВНИИПТмаш) (Мәскеу), Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ институттарында орындалған ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық, жобалық және іздеу жұмыстарының нәтижелеріне қарай кенжарлық және көтергіштер, сонымен қатар магистралды конвейерлер ретінде арқанды тарту органы бар конвейерлерді (АТОК) қолданудың лайықтылығын көрсетті.

Карьерлерде екінші рет ұсақталмаған ірі кесекті кен емес және жынысты жүктерді, сонымен қатар ұсақтау кешендерінен қайта өңдеу кәсіпорындарына дейін көтеру және магистралды көлік ретінде ірі кесекті кен емес және жынысты жүктерді тасымалдауға қабылетті АТОК конструкциялары мен сұлбаларын талдау негізінде арнайы арқанды-пластиналы конвейерді (ААПК) іздеу және жасау мәселесі туындады (Алдын-ала өнертапқыш 47966 ҚР).

Осыған байланысты көтеру және магистралды көлік ретінде ірі кесекті кен емес құрылыс материалдары мен жынысты жүктерді тасымалдауды қамтамасыз ететін тасымалдау техникасының жаңа қарқынды құралын, яғни арнайы арқанды-пластиналы конвейерді іздеуге және құруға бағытталған бұл жұмыс сала аралық мәні бар маңызды болып табылады.

Диссертация тақырыбы «Жоғары тиімділікті технологияларды, машиналарды және жабдықтарды құру» 03.08.1995 жылғы №04-1-1/1015 мақсаттық ғылыми-техникалық бағдарлама (ҒТБ) бойынша орындалды.

Жұмыстың мақсаты: Құрылыс индустриясы кәсіпорынында кен емес құрылыс материалдары мен ірі кесекті абразивті жүктерге арналған арнайы арқанды-пластиналы конвейердің құрылымдық сұлбасын негіздеу және параметрлерінің есептелу әдістемесін жасау.

Зерттеу нысандары:

- материалдарды ұзақ қашықтыққа және жоғарылатылған орнату бұрышында тасымалдауға мүмкіндік беретін арқанды тарту органы бар конвейердің жаңа конструкциясын, яғни ААПК өңдеу;

- конвейердің жүктік тармағында жетекші және жетектелетін контурлардың фрикционды өзара әсерлесетін элементтерінің арасындағы тарту күшінің берілу үрдісін, сонымен қатар сүйемелдеуші тірек роликтерінің шкивінің кері жағында тарту арқандары мен шкивтің жылғалары арасындағы тарту күшінің қосымша таралуын зерттеу;

- конвейерлердің арнайы түрлерінің конструкцияларына қолданудың лайықтылығы тұрғысынан бағалау жүргізу, сонымен қатар, арнайы арқанды-пластиналы конвейердің техника-экономикалық тиімділігін және тиімді қолдану саласын анықтау;

- конвейердің мүмкін болатын орнату бұрышын және ілінісу коэффициентін анықтау мақсатында тарту арқандары мен жүк тасушы төсемнің тіректік-қармау элементтерінің серпімді резеңкелі сыналары арасындағы өзара әсерлесу үрдісін зерттеу;

- жүк тасушы төсемнің негізгі құрылымдық параметрлерін және конвейердің пайдаланымдылық параметрлерін анықтау;

- ААПК эксперименттік зерттеулер жүргізу және негізгі параметрлерінің есептелу әдістемесін жасау және таңдау.

Жұмыстың идеясы арнайы арқанды-пластиналы конвейердің құрылымдық сұлбасын негіздеуге әсер ететін ұтымды құрылымдық параметрлерін объективті тағайындаудан тұрады.

Зерттеу әдістері. Зерттеулер конвейерлердің арнайы түрлерінің әртүрлі конструкцияларын салыстырмалы бағалау әдістерінің теориялық ережелерінде қабылданған жүйелік талдау әдісімен; үйкеліс теориясының жеке негіздерімен; қолданбалы математиканың сандық әдістерімен; есептеуіш және жеке эксперименттермен; экспериментті ұтымды жоспарлау әдістерімен жүргізілді.

Негізгі ғылыми қағидалар мен ғылыми жаңалықтар:

- ААПК өңделген жаңа конструкциясының перспективтілігі сүйемелдеуші тірек роликтерінің шкивтерінің кері жағын пайдаланумен және тарту факторы бойынша арқандарды толық пайдалану үшін екі қосымша қыспақты тірек роликтерін енгізумен қамтамасыз етіледі;

- арнайы арқанды-пластиналы конвейердің конструкциясының ұтымдылығы және техника-экономикалық тиімділігі – оларды конвейерлердің басқа да түрлерімен функционалдық арналуын ескере отырып, тиімділіктің құрылымдық, бірлік және кешендік көрсеткіштері бойынша салыстырмалы бағалау кезінде жеткілікті түрде анықталды;

- ААПК жүктік тармағындағы тарту күшінің берілуі және бос тармақтарындағы тарту күшінің қосымша таралуы жетектелетін контур және сүйемелдеуші тірек роликтерінің кері жағымен тарту арқандарының өзара әсерлесуінің түйісу сипаты болып табылады;

- ААПК тарту-тасу органдарының параметрлерін анықтау есептік параметрлерінің ұтымды мәндерін тағайындау болып табылады, олар: фрикционды өзара әсерлесетін элементтер арасындағы ілінісу және сырғанау коэффициенттері, орнату бұрышы, қоршаманы орнату адымы және биіктігі.

Жұмыстың ғылыми мәні: конвейерлердің арнайы түрлерінің әртүрлі конструкцияларына тиімділіктің құрылымдық, бірлік және кешендік көрсеткіштері бойынша салыстырмалы бағалау жүргізу; конвейердің жүктік тармақтарында фрикционды өзара әсерлесетін элементтерінің арасындағы тарту күшінің берілу қағидасын негіздеу; өзара әсерлесетін элементтер арасындағы ілінісу коэффициентін, мүмкін болатын орнату бұрышын, қоршаманың адымын және биіктігін анықтауға арналған тәуелділіктерді тағайындау.

Жұмыстың практикалық мәні: жаңалығы ҚР алдын-ала өнертапқышымен қорғалған ААПК конструкциясын өңдеу, ААПК есептеу әдістемесін жасау және негізгі параметрлерін анықтаудан тұрады.

Ғылыми ережелердің, қорытындылардың және ұсыныстардың негізделуі және жеткіліктілігі:

-   теориялық зерттеулерде: тапсырманың жинақы қойылуы және конвейерлердің әртүрлі конструкцияларын салыстырмалы бағалау әдістерінің қабылданған теориялық ережелерін; үйкеліс және күшті беру теориясы бойынша іргелі ережелерді пайдалану;

- эксперименттік зерттеулерде: аспаптар мен жүйелерді қолдану, сонымен қатар есептеуіш техника құралын, эксперименттік мәліметтерді математикалық статистика және экспериментті ұтымды жоспарлау теориясымен өңдеу қолданылған.

Жұмыс нәтижелерінің таралуы: Диссертацияда ұсынылған негізгі ережелер, жасалған ұсыныстар, әдістер және әдістемелер қолданылған және енгізілген:

- «Қостанай минералдары» АҚ Жетіқара қ., 2007жыл: «Қостанай минералдары» АҚ «Өндірістік-техникалық комитеттің жиналысы» Хаттама №53;

- Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ және ҚИЭУ шығарушы пәндерді оқу барысында, курстық және дипломдық жобаларды орындау кезінде оқу үрдісінде.

«Қостанай минералдары» АҚ шартында ұзындығы 2160м ААПК енгізуде алынатын жылдық есептік экономикалық әсер жылына 42541,32 мың теңгені құрады.

Жұмыстың апробациясы. Жұмыстың негізгі мазмұны мен нәтижелері: «Механика мен машина жасаудың Қазақстандағы жағдайы мен даму жолдары» атты халықаралық ғылыми конференцияда (Алматы: ҚазҰТУ, 2007); «Шығыс ғұламаларының ғылыми-техникалық, руханияттық құндылықтары және А.Машани» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Алматы: ҚазҰТУ, 2007); Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 15 жылдығы және Алматы қаласының Жетісу ауданының 70-жылдығына арналған «Көліктік техникасының қазіргі мәселелері» атты халықаралық ғылыми-техникалық конференцияда (Алматы: ҚИЭУ, 2006); «Қостанай минералдары» АҚ өндірістік-техникалық комитетінің жиналысында (Жетіқара, 2007ж); Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың «Көтеру-тасымалдау машиналары және гидравлика», «Стандарттау, сертификаттау және машина жасау технологиясы» және «Білдек жасау, материалтану және машина жасау өндірісінің технологиясы» кафедраларының біріккен семинарында (Алматы, 2008ж); Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың «Көтеру-тасымалдау машиналары және гидравлика» кафедрасының отырыстарында (2005÷2008ж) баяндалып, талқыланды.

Диссертацияның құрылымы және көлемі. Диссертация қолжазба ретінде ұсынылып, кіріспеден, 5 бөлімнен және қорытындыдан, 46 иллюстрациядан, 18 кестеден және 125 атаудағы библиографиядан, 2 қосымшадан тұрады.

Жарияланымдар: 6 ғылыми еңбек жарық көрген, олардың ішінде: 3 мақала халықаралық конференцияларда жарияланса, 3 мақала ҚР-ның білім және ғылым министрлігі жанындағы Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің ғылыми мақалаларды жариялауға ұсынған ғылыми басылымдарда жарық көрді.

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

Кіріспеде жасалатын тақырыптың маңыздылығы негізделіп, зерттеу мақсаты анықталған, жұмыс күйінің жалпы сипаттамасы келтірілген.

Ғылыми тапсырма қалыптастырылған және жұмыстың негізгі идеясы анықталған.

Құрылыс индустриясы кәсіпорынында ірі кесекті жүктерді тасымалдауға арналған конвейерлер конструкцияларының күй-жайы және даму қарқындылығы

Жүргізілген зерттеулер өнеркәсіптің құрылыс индустриясы кәсіпорыны мен тау-кен саласындағы үрдістерді интенсификациялау және тиімділігін арттыруды, яғни қарқынды көлік құралын қолдану арқылы тасымалдаудың үздіксіз жолын енгізуді қажет ететінін көрсетті, демек келесі талаптарға жауап беретін ААПК қолданудың қажеттілігі туындайды: кешенде бір уақытты жұмыс істейтін тиеу бөлімдерінің және механизмдердің санын минимумға дейін қысқартып, көліктік жолда (ұзындығы 1000м-ден жоғары, жоспардағы иілу радиусы 60м, ал вертикаль бойынша – 30...40м, көтеру биіктігі 300...400) мардымды енгізу мүмкіндігімен жүкті тасымалдау жүйесін қолдану мүмкіндігі; кен емес құрылыс материалдарын, сонымен қатар тығыздығы 2,7т/м3 дейінгі жоғары түрпілі ірі кесекті (600...1200мм) жүктерді кешеннің қызмет мерзімімен (3...5 жылға дейін) анықталатын пайдаланудың ұзақ мерзімі аралығында қабылдау және тасымалдау; кәсіпорынның (бөлімшенің) қажет ететін өнімділігімен қамтамасыз ету (5...40 млн.т.жылына); күрделі климаттық жағдайда (температурасы ±400С диапазонда) кешен элементтерінің сенімді жұмысы.  

АТОК техника-экономикалық көрсеткіштерін жоғарлату үшін ААПК қарқынды конструкциясын жасау және енгізу лайықтылығы туындайды.

Жаңа конвейерлік техникалардың конструкцияларын жасаумен қазіргі кезде: Н.Э.Бауман атындағы ММТУ, МТКА (Мәскеу), ҚарМТУ, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, Гипроруда институты (Санкт-Петербург), КТМБҒЗИ (ВНИИПТмаш) (Мәскеу), ТКИ Ур.О.РАН (Екатеринбург), Гипроуглегормаш институты, Жезқазған ТМҒЗЖИ (НИПИЦВЕТмет) институты және т.б. айналысуда.

 Еңбектері бұл саланың дамуына негіз болғандар: А.В.Андреев, А.О.Байконуров, Н.С.Поляков, А.О.Спиваковский, А.С.Сагинов, Г.И.Солод, И.Г.Штокман және т.б.

Конвейерлік көліктердің теориясы мен практикасының дамуына Д.М.Беленький, А.В.Бреннер, А.Н.Данияров, С.А.Джиенқұлов, С.К.Малыбаев, Қ.А.Омаров, Л.И.Чугреев және басқалар өз үлестерін қосты.

Жоғарыда айтылған авторлардың ғылыми еңбектері қолданыстағы конвейерлік көлік құралының дамуына және жаңасын құруға арналған база қалыптастырды.

Кен емес құрылыс материалдары мен жынысты жүктерге арналған конвейерлер конструкциялары мен сұлбаларына шолу және талдау жасау негізінде ұсынылған конвейерлер конструкцияларының барлығы да белгілі-бір тиімді қолдану саласын қамти отырып, толық талаптарға жауап бере бермейтіні анықталды. Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ жасалған арнайы арқанды-пластиналы конвейердің конструкцияларын (Алдын-ала өнертапқыш 47966 ҚР) қолданудың өзіндік ерекшелігі  ірі кесекті жүктерге арналған ААПК зерттеуге және параметрлерін тағайындауға арналған сұрақтар қатарын тудырады.

Арқанды пластиналы конвейер (1-сурет) келесі тораптар мен тетіктерден тұрады: жетекші станция 1, екі тарту арқаны 2, пластиналы төсем 3, ауытқушы блоктар 4, керу станциясы 5, жоғарғы жүктің тармақтың арқандарына арналған сүйемелдеуші тірек роликтері 6, бос тармақтардың тірек роликтері 7, қыспақты сүйемелдеуші тірек роликтері 8, түсіруші жұлдызшалар 9, керу жұлдызшалары 10 және тірек табандықтары 11.

      

1-сурет  – Арқанды-пластиналы конвейердің конструкциясы

 

Пластиналы жүк тасушы төсем шексіз төсемде тасушы шынжыр 13 көмегімен жиналған, түсіруші 9 және керуші 10 жұлдызшаларды орайтын жеке пластиналардан тұрады. Жартылай өстердің екі жақ шетінде пластина табандықтарға 15 кигізілген және жүріс роликтері бекітілген. Жоғарғы жүктік тармақтардың тірек роликтері конвейер бөлігінде 18 бекітілген амортизациялайтын құрылғыда 17 орнатылған.

Материалды тасымалдау кезінде жоғарғы жүктік тармақтардың тірек роликтері жүк салмағының әсерінен амортизацияланып, төмен қарай қозғалады, ал жүктік тармақтардың тарту арқандарының тірек роликтерінің шкивтерінің өздері ілінісу салдарынан арқанды шкивтің жоғарғы бөлігін айналысқа келтіреді. Бұдан жүктік тармақтардың тірек роликтерінің шкивтері қыспақты роликтер арқылы төменгі бос тармақтардың тарту арқандарын орайды (арқандар тірек роликтерінің шкивтерінің төменгі бөлігімен ілініске кіреді) және үйкеліс күшінен тарту күшінің қосымша таралуы салдарынан үйкелістің аралық жетекші шкиві бола отырып, тарту арқандарына қосымша импульс береді. Кері бос тармақтардың тасушы пластиналы төсемдері жүріс роликтері арқылы конвейердің бағыттаушы конвейер бөлігіне тіреледі.  

 

Ірі кесекті жүктерді тасымалдауға арналған конвейерлердің ұтымды конструкциясын іздеу

Конвейерлердің ұтымды конструкциясын таңдау және олардың техникалық жетілуін талдауда  келесі түрлерін қарастырамыз: иілмелі аспалы тірек роликтері бар таспалы конвейер (ГТМИ Украина); таспалы-аунақшалы конвейер (МТКА, Ресей); пластиналы конвейерлер: П-80К және ПКС-140 (ҚарМТУ, Қарағанды); арқанды-шөмішті АШК-100, арнайы арқанды-таспалы ААТК-120, таспалы-арбашалы ТАК-120, арқанды-пластиналы АПК-140 конвейерлері (ҚазҰТУ, Алматы).

Конвейерлердің арнайы түрлерінің конструкцияларын талдау үшін, олардың ұтымды қолдану саласын сипаттайтын сегіз көрсеткіші бойынша салыстырамыз, яғни: бір жылдағы қызмет көрсету мерзімі, Тк; жүк тасушы органның қызмет көрсету мерзімі, ; мардымды кесектердің ірілігі, мм; конвейерді мардымды көтеру бұрышы, , град; жетектің кері сызықтық қуатының шамасы, , м/кВт; конвейерге кері келтірілген массалар шамасы, , м/кг; трассаның иілмелілігі, .

Конвейерлердің арнайы түрлерінің әртүрлі конструкцияларын қолданудың экономикалық тиімділігін бағалау – жобалау, дайындау және пайдалану кезеңдерін ескере отырып жүргізіледі. Жобалау кезеңдерінде конвейерлердің әртүрлі конструкцияларын қолданудың тиімділігін бағалауды салмақ бірлігін пайдалану дәрежесі бойынша, яғни оның техникалық жетілу дәрежесі бойынша жүргізу керек. 

 қатынасы конвейер конструкциясының тұтастай техникалық дамуын сипаттайды да, конструкция коэффициенті деп аталады және Ккон  арқылы белгіленеді, яғни

,                                      (1)

мұндағы ,  және  - жүк, тара, беріктікке сәйкес келетін пайдалану коэффициенттері.

Жалпы жағдайда, конструкция коэффициентін аналитикалық түрде келесідей жазуға болады:

,                                                    (2)          

мұндағы  - вариацияланатын параметрлер ( және );  - вариацияланатын параметрлерге байланысты конструкция коэффициентінің қарқынды өзгеру дәрежесінің коэффициенті; - вариацияланатын параметрлерге қатыссыз конструкция коэффициентінің мардымсыз мәні. Конвейерлердің арнайы түрлерін тиімділіктің бірлік және кешендік көрсеткіштері бойынша қолдану тиімділігін бағалау ҚарМТУ-да проф. Данияров А.Н. және проф. Омаров Қ.А. жасаған әдістемесіне сәйкес, проф. Солод Г.И. ұсынған функционалды критерияларға қатысты анықталатын меншікті шамасы бойынша жүргізіледі:,  мұндағы - конвейердің есептік өнімділігі,  кезінде; - конвейердің есептік ұзындығы,  кезінде; - конвейерді орнату бұрышына байланысты функционалдық критерияның өзгеру коэффициенті.

Меншікті көрсеткіштер ретінде келесілер қабылданған:  - конвейердің меншікті құны;  - қозғалтқыштың (қозғалтқыштардың) меншікті тағайындалған қуаты;  - конвейердің меншікті салмағы;  - тарту органының меншікті беріктігі;  - конвейердің кеңістікте орын алатын меншікті көлемі;  - конвейердің көлденең қимасының меншікті ауданы.

Салыстырылатын машиналардың техникалық деңгейін бағалауды мақсаттық функция бойынша (кешендік көрсеткіштерімен ), «минимум» меншікті шама арқылы, меншікті шамаларды қалыптастыруды ескере отырып   жүргізуге болады:

,                       (3)

мұндағы  - машинаның бірлік көрсеткіштерін (параметрлерін) қарастыруда қабылданған салмақтық коэффициенттер.

Салыстырылатын көліктің технологиялық сұлбасының техникалық деңгейін бағалау мақсаттық функция бойынша (кешендік көрсеткішімен) жүргізіледі, ол келесі тәуелділіктермен анықталады

             (4)

Дұрыстық шарты бойынша өзара бір-бірімен салыстырылатын параметрлер саны алтыға тең. Салмақтық коэффициенттердің сандық мәндері келесідей болады: ; ; ; ;  және , ал .

Конвейерлердің арнайы түрлеріне тиімділіктің құрылымдық, бірлік және кешендік көрсеткіштері бойынша бағалауға салыстырмалы талдау жасау арнайы арқанды-пластиналы конвейердің басқа да конвейерлердің арнайы түрлерінің алдында белгілі-бір артықшылықтарын айқындайды, олар: техникалық жетілу дәрежесі жоғары (өнімділігі жоғары, аз салмақ пен металлсиымдылықта беріктік көрсеткіштері бойынша төсем мен конвейер бөлігінің тарту мүмкіндігі жоғары) және жоғарылатылған орнату бұрышында конвейердің басқа да конструкциялары алдында жақсы кешендік көрсеткішті қамтитыны.

 

Арнайы арқанды-пластиналы конвейердегі тарту күшін беру үрдісін зерттеу

Конвейерлердің арнайы түрлерінде (таспалы) тарту күшін үйкеліс арқылы беруге жүргізілген зерттеулерді талдасақ, онда бұл үрдістің мәнін бірыңғай сипаттауға және келесі қатысты факторларды ескермеу айқындалды: үйкеліс түйіспесінің сипаты және деформацияның өзгеру жылдамдығы; өзара фрикционды әсерлесетін контурлар арасында тарту күшінің таралуына құрылымдық элементтер байланысының әсері; контурлардың жетектерінің саны және тәсілдері және т.б.

Арнайы арқанды–пластиналы конвейер конструкциясының есептік үлгісі (2-сурет) тіректі-қармау элементтерін орнату адымына тең   адымымен  ілініс күштерімен  ұзындықта өзара әсерлесетін екі серпімді өзектер ретінде ұсынылады. Екінші өзекте (тарту арқандарына) ұзындықта бос тармақта -  адымды сүйемелдеуші тірек роликтерінің шкивтерінің кері жағына   ілінісу күштері келтірілген. Бұдан басқа төменгі (тарту арқандары) өзекке: жетек жағынан қозғаушы күш  және қосымша  адымымен конвейердің барлық  ұзындығы бойымен  және  күштері;  және  қозғалуға меншікті кедергі күштері салынған. Жоғарғы серпімді өзекке:  ұзындықта (жүкті тармақ)  таралған жүктеме және  ұзындықта (бос тармақ)  таралған жүктеме салынған.

2-сурет – ААПК конструкциясының есептік үлгісі

 

Үйкелістің үзілмелі түйіспесі кезінде, өзара фрикционды автономды әсерлесетін контурлар арасындағы тарту күшін беру аймақтар бойынша олардың кедергілеріне пропорционалды іске асады, ал олардағы керілу келесі шамаға өзгереді:

,                                    (5)

мұндағы  - жүктік тармақта тарту аймағын жүктеу коэффициенті; - жетектелетін контурларда  (жүк тасушы) бірізді орналасқан аймақтар саны.

Егер жүктік тармақта жүк тасушы контурлардың жалғағыш иілмелі элементінің қатаңдығы тарту арқандарының қатаңдығынан аз болса, бұл жүк тасушы контурдың иілмелі жалғағыш органына майысу болған жағдайда болады, онда екі өзекшенің біріккен деформациясы болмайды. Демек, жүктік тармақта сырғанау болмайды. Екі өзекшенің біріккен деформациясының болмауы жүк тасушы төсем алдын-ала керілмеген жағдайда да орын алады, яғни алдын-ала керу болмаған жағдайда.

Тарту арқандары мен онымен өзара әсерлесетін жүк тасушы төсемнің тіректік-қармау элементтерінің арасындағы ілінісу күші , яғни жүктік тармақ аймағындағы  орнату адымы бар  реакциясы осы аймақтағы жетектелетін өзекшенің қозғалысына кедергі күшімен теңеседі.

Осыған байланысты жүктік тармақ үшін келесі теңдікті жазуға болады:

 

 немесе .            (6)

Бос тармақ үшін:

,  (7)

 

,   (8)

мұндағы  және  - жүктік тармақтағы және сүйемелдеуші тірек роликтердің шкивтерінің кері жағындағы төсемнің тіректік-қармау элементтеріне сәйкес тарту арқандарының ілінісу күштері; -  жүкке, төсемге, арқандарға, сүйемелдеуші және қыспақты тірек роликтеріне сәйкес келетін сызықтық массалар;  және  - тарту арқандарымен және онымен өзара әсерлесетін тіректік-қармау элементтерімен және сүйемелдеуші тірек роликтерінің шкивінің кері жағы арасындағы ілінісу коэффициенттері;  - конвейерді іске қосқан кездегі механикалық жүйелер қозғалысының үдеуі;  және  - сүйемелдеуші тірек роликтерінің шкивінің кері жағында орауға келетін және ораудан кететін нүктелердегі арқанның керілуі;  - сүйемелдеуші және қыспақты тірек роликтерін орнату адымы;  - сүйемелдеуші тірек роликтерінің шкивінің кері жағынан арқандардың орау бұрышы;  және  - жүк тасушы төсемнің бағыттаушы және тарту арқандары бойынша және сүйемелдеуші тірек роликтерінің шкивтері бойынша қозғалысының кедергі коэффициенттері; - жүк тасушы төсемдерге тіректік-қармау элементтерді орнату адымы;  - серіппе қатаңдығы;  - серіппенің мардымды деформациясы.

Конвейердің жоғарғы тармағының толық орын ауыстыруына дейін  ілініс күштері  өзара әсерлесетін контурлар аймақтарының қозғалыс кедергілерінің  өсуі жағдайында, аймақтар бойынша тұрақты салыстырмалы сырғанау толқыны жетекші шкивтен соңғы шкивке таралуы ықтимал.

Демек, бұл жағдайда:

,                                                 (9)

немесе

.         (10)

Салыстырмалы сырғанаудың болмауы шартынан тарту арқандары мен тіректік-қармау элементтерінің арасындағы ілінісу коэффициентінің қажетті мәнін анықтаймыз

,                            (11)

ал конвейердің рұқсат етілген көлбеулік бұрышы

.                                            (12)

Жүк тасушы контурдың жүктік тамағының соңғы аймағында салыстырмалы сырғанау пайда болған кезде фрикционды өзара әсерлесетін элементтер арасына келесі теңдеуді жазуға болады

,                                              (13)

мұндағы  және  - жүктік тармақтың соңғы аймағына сәйкес келетін қозғалысқа кедергілер (төсем жүкпен және төсем барлық бос тармақта).

Немесе

         (14)

Жүктік тармақтың соңғы аймағында салыстырмалы сырғанаудың болмауы шартынан тіректік-қармау элементтерін орнату адымын анықтаймыз

.                         (15)

Өзара әсерлесетін контурлардың қатаңдықтары жуықтап бір-біріне тең болғанда, біріккен деформация жағдайында керілу жүктік тармақта олардың өн бойлық қатаңдықтарына пропорционалды таралады. Тарту арқандары мен олармен өзара әсерлесетін жүк тасушы контурлар арасындағы күштің тепе-теңдік шартына байланысты серпімді сырғанау аймағының ұзындығы анықталады.

Конвейер жұмыс істеген кезде бұл өзара әсерлесетін жұптардың күштерінің тепе-теңдік шарты келесідей болады:

,                                              (16)

мұндағы  - тіректік-қармау элементтерімен тарту арқандарының арасындағы ілінісудің меншікті күші;  - серпімді сырғанау аймағының ұзындығы; - төсемнің иілмелі жалғағыш элементінің керілуінің мардымды шамасы.

Сонда

 ,   (17)

мұндағы  және  - жүк тасушы төсемнің иілгіш жалғағыш байланысы және тарту арқандарына сәйкес келетін қатаңдықтар.

Үйкеліс түйіспесінде арқан кескінінің aвcd  тепе-теңдігін қарастырамыз, (3-сурет) сонда

                                                   (18)

Бұл теңдеуді интегралдасақ,

,                                              (19)

ал серпімді күшті ескере отырып, үйкеліс түйіспесінде қалыпты қысым күшін анықтаймыз

,     (20)

Үйкеліс түйіспесінде ілінісудің үйкеліс күші келесідей болады:

.  (21)

 

3-сурет – Тірек роликтерінің шкивінің арқанмен түйісу сұлбасы

 

(20) және (21)-теңдіктерді қолдана отырып, конвейердің мүмкін болатын көлбеулік бұрышын анықтауға арналған теңдеуді

,                   (22)  

және арқандар мен шкивтің төменгі бөлігінің түйіспелі бетінің арасындағы ілінісудің үйкеліс коэффициентін анықтауға арналған теңдеуді аламыз

.      (23)

Сүйемелдеуші тірек роликтерінің шкивінің төменгі бөлігін арқанмен орау бұрышының мәнін келесідей анықтаймыз:

.    (24)

Жүктік тармақтардың тірек роликтерінің шкивтері қыспақты тірек роликтері арқылы тарту арқанымен төменгі бос тармақты орайды және үйкеліс күші арқылы тарту күшінің қосымша таралуы салдарынан арқанға қосымша импульс береді, сонымен қатар, аралық жетектер болып қалыптасады. ААПК есептік сұлбасы 4-суретте келтірілген.

Сүйемелдеуші және қыспақты шкивтерде орауға келетін және ораудан кететін нүктелердегі керілу күші Эйлер заңына сәйкес, диссертация қолжазбасында келтірілген (54), (55) – тәуелділіктермен анықталады.

 

4-сурет – Арнайы арқанды-пластиналы конвейердің есептік сұлбасы

 

Соңғы шкивте орауға келетін және ораудан кететін нүктелердегі тарту арқанының керілу күші, диссертация қолжазбасында келтірілгендей (59) және (60)– формулалармен, ал жетекші шкивтегі – (61) және (62) – формулалармен анықталады.

Жетекші шкивтің тарту мүмкіндігі мен арқанның мардымды үзілу күшіне сәйкес, конвейер ұзындығын анықтауға арналған теңдеу аламыз

 

     (25)

 

 

ААПК зерттеу және негізгі параметрлерін анықтау

Негізгі құрылымдық параметрлерге келесілер жатады:  - пластиналы төсемнің ені, м;  - пластинаның кіші табанының ені, м;  - пластинаның бүйірлік қырының көлбеулік бұрышы, град;  - пластина және қоршама биіктігі, м;  - көлденең қоршамаларды орнату адымы, м; - қозғалыстағы жүктің жасанды құлама бұрышы, град;  - пластиналы төсемнің толу коэффициенті;  - тірек роликтері бойынша арқандардың қозғалысына кедергі коэффициенті;  - фрикционды өзара әсерлесетін элементтер мен тарту арқандарының арасындағы ілінісудің кедергі коэффициенті.

Негізгі пайдаланымдылық коэффициентіне келесілер жатады:  - конвейердің пайдаланымдылық өнімділігі, т/сағ;  - пластиналы төсемнің қозғалу жылдамдығы, м/с;  - конвейердің мүмкін болатын орнату бұрышы, град;  - конвейердің жоспардағы және вертикальды жазықтықтағы буынының иілу радиусы, м.

Жүк ағынының параметрлерін ескере отырып, ААПК есептік өнімділігін келесідей анықтауға болады:

,  кН/сағ,                   (26)

мұндағы  - конвейердің жылдық өнімділігі, кН/сағ;  - бір жылдағы жұмыс күнінің саны;  - ауысымды өнімділік коэффициенті;  - жүк ағынының бір қалыпсыздық коэффициенті;  - бір тәуліктегі жұмыс ауысымының саны;  - бір ауысымдағы жұмыс сағатының саны.

Сенімділік параметрлері арқылы ААПК пайдаланымдылық өнімділігі келесідей анықталады:

,  кН/сағ,                      (27)

мұндағы  - ААПК-140 есептік өнімділігі, кН/сағ;  - конвейердің дайындық коэффициенті;  - конвейердің тоқтаусыз жұмыс істеу ықтималдығы;  және  - пластиналы төсем мен тарту арқандарына сәйкес келетін орташа жұмыс істеу уақыты.

ААПК негізгі параметрлерінің бірі тарту арқандары мен төсемнің тіректік-қармау элементтері арасындағы үйкеліс  және ілінісу  коэффициенттері болып табылады.

Жүктік тармақта жүк тасушы төсемнің тіректі-қармау элементтерімен тарту арқандарының арасындағы ілінісудің үйкеліс коэффициенттерін анықтау үшін конвейердің қалыпты жұмыс шарты қарастырылды, яғни:

,                                                   (28)

мұндағы  - тарту арқандарының сәйкес келетін контурлардың өзара әсерлесуші элементтерімен ілінісу күші;  - сәйкес контурларды орнынан қозғау мен екпін алу кезеңдері кезіндегі қозғалысқа кедергі коэффициенті.

Тіректік қармау элементтері мен арқанның өзара әсерлесу сұлбасын қарастыру негізінде келесі тәуелділіктер алынды:

      немесе      .                      (29)

Есептеулер жоғарғы дәлдікті қажет еткен жағдайда, ілінісу коэффициенті келесі тәуелділікпен анықталады:

                                   (30)

мұндағы  - дискриминант,  - орау бұрышы және  - сына бұрышы.

Орау бұрышына  қатысты ілінісу коэффициентінің  графиктік тәуелділігі диссертация қолжазбасында келтірілген 25-суретте, ал төбе бұрышына  қатысты тәуелділік 26-суретте келтірілген.

Арнайы арқанды-пластиналы конвейер үшін мүмкін болатын орнату бұрышын бірнеше жағдайлар үшін (28)-формулада келтірілген қалыпты жұмыспен қамтамасыз ету шарты бойынша анықтаймыз:

жүк тасушы контурдың тарту арқандарымен өзара әсерлесуі кезінде

.                                          (31)

Жоғарғы тармақты орнынан қозғаған кезде, соңғы аймақта фрикционды өзара әсерлесетін элементтердің арасында сырғанау басталған жағдайда, келесі тәуелділіктерді аламыз:

.               (32)

Төсемнің толу дәрежесін толу коэффициенті  арқылы бағалау қолайлы, мұны екі қоршама арасымен шектелген  жүк көлемінің  ұяшықтың толық көлеміне  қатынасы бойынша аламыз.

.          (33)

Көлденең қоршамалардың қажетті мардымсыз биіктігі қоршамада орнықсыз орында орналасқан бірлік ең үлкен кесектің орнықтылық шарты бойынша анықталады (30-сурет), ал  мәнін анықтауға арналған тәуелділік диссертация қолжазбасында (107-формула) келтірілген.

Ірі кесекті жүктермен ААПК жүктеген кезде, жүктеу нүктесі конвейердің өн бойлық өсінен жылжып кетуі мүмкін, яғни жүк кесектері пластина орталығына қатысты симметриялы болмай орналасуы мүмкін. Бұл жерде жүк кесегінің бір қыры пластиналы төсемде, ал екіншісі оның ернеуінде орналасуы мүмкін ( диссертация қолжазбасындағы 31-сурет).

Төсем пластиналарын орнықтылықпен қамтамасыз ету, яғни В нүктесінде тарту арқандарына қатысты пластинаның үзілуін болдырмау келесі шартпен орындалады

.                           (34)

Төсемдегі жүк кесегінің орнықтылық шарты, яғни ернеуден жүктің төңкерілмеу шарты

.                              (35)

Ұяшықты төсемнің тарту мүмкіндігін реттеу қоршаманың биіктігін және адымын өзгерту арқылы ғана мүмкін болады.

Қоршама адымының ұтымды мәні төсем жабдығына  кеткен және жетекке қажетті электр энергиясының  минимум келтірілген шығындарының тасымалдау қуатының бірлігіне (функционалды критерия ) қатынасымен, яғни мақсаттық функцияны анықтауға арналған теңдеу келесідей болады.

  (36)

 

мұндағы , , , , - тұрақты шамалар.

Мақсаттық функцияны (36) минимумға зерттеу арқылы келесі теңдеуді алуға болады

.                                                (37)

Қоршама адымының ұтымды мәні  есептеулер негізінде анықталады. Мақсаттық функция  және (37)- теңдеу бойынша есептеулер жүргізу үшін блок сұлбасы келтірілген Q Basik тілінде ПЭЕМ арқылы бағдарлама жасалды. ПЭЕМ орындалған есептеулер реті мен блок сұлбасы диссертацияның қолжазбасында келтірілген.

Келтірілген шығындардың графиктік тәуелділігі, яғни қоршаманың адымына  және биіктігіне , конвейердің көлбеулік бұрышына  байланысты мақсаттық функция, , тг/т·км 5-суретте келтірілген.

Алынған нәтижелерді талдау келесілерді тағайындауға мүмкіндік тудырды: жүк тасушы төсемнің қозғалу жылдамдығы ұлғайған сайын келтірілген шығындар азаяды; (37)-формула бойынша есептелетін  мәніне тең қоршаманы орнату адымының мәндеріне сәйкес келетін минимумдар нүктелерінің болуы; қоршама биіктігі ұлғайған сайын келтірілген шығындар өседі; минимумдар нүктелері қоршама адымының ұтымды (тиімді) мәндеріне сәйкес келеді.

ААПК есептік (теориялық) өнімділігі келесі теңдеу бойынша анықталады:

. (38)

Жүк тасушы төсемнің пластинасының ені келесі теңдікпен анықталады:

.                      (39)

 

1) ; 2) ; 3) ; 4) .

____________ -; - - - - - - - - -; ___ .__ .__ .__ -

5-сурет –  байланысты , тг/т·км, тәуелділігі

 

Конвейердің негізгі теориялық тәуелділіктерін тексеру, жүк тасымалдау үрдісін зерттеу, негізгі параметрлерін нақтылау және жұмысқа қабылеттілігін бағалау мақсатында конвейердің эксперименттік үлгісінде, сонымен қатар ААПК жүк тасушы төсемінің эксперименттік зертханалық қондырғысында зерттеулер жүргізілген.

ААПК эксперименттік үлгісі келесі техникалық сипаттамадан тұрады: конвейер өнімділігі - кН/сағ; көлбеулік бұрышы – 00....300; жүк тасушы төсемнің қозғалу жылдамдығы – 0,5...2,0м/с; жүк тасушы төсем ені – 0,5м; жетек қуаты – 3,0кВт; қоршама биіктігі – 0,1м; қоршаманы орнату адымы – 0,3м; жетекші шкивтің диаметрі – 0,63м; тарту арқандарының диаметрі – 0,01м; керуші шкивтер диаметрі – 0,15м; жүктің ең үлкен кесегінің өлшемі – м.

ААПК жүк тасушы органының зертханалық эксперименттік қондырғысы келесі (суреті диссертация қолжазбасында келтірілген) техникалық сипаттамадан тұрады: төсем ені –; қоршамаларды орнату адымы – ; қоршама биіктігі – ; жүк тасушы төсемнің ұяшықтарының көлбеулік бұрышы – ; төсемнің орын ауыстыру жылдамдығына және конвейердің жүктік тармақтарында тірек роликтерін орнатуға байланысты  қондырғы жұдырықшасының айналым саны – ; 8,57; 10; 12 және 15 мин-1; қондырғы жетегінің қуаты – кВт; беріліс саны– ; жұдырықшаның мардымды диаметрі – ; мардымсыз диаметрі – ; тасымалданатын жүктің ірілігі– м.  

Жүк тасушы төсемде сызықтық жүктеме 0-ден 1000Н/м – ге дейінгі шекте өзгеріп отырады. Зерттеулер құрғақ, сумен суланған және майланған арқандар кезінде жүргізілді. Серпімді сырғанау аймағының орны және шамасы, тарту арқандарының салыстырмалы сырғанау жылдамдығы, төсемнің қозғалысы тіректік-қармау элементтеріне келтірілген тәуекел (риск) көмегімен электрлік секундомер және біліктегі тахометр арқылы анықталады. Тарту арқандарының тіректік-қармау элементтерімен ілінісу коэффициенті  келесі формула  бойынша анықталады, мұндағы  - динамометр көрсеткіші бойынша алынатын ілінісу күші.  өлшеулер құрғақ, сумен суланған және майланған арқандар үшін жүргізілді .

Зертханалық қондырғыда зерттеулер кезінде жүк тасушы төсемнің және арқандардың қозғалу жылдамдығы 0,5 тен 2,0 м/с- қа дейін, ұяшықтың көлбеулік бұрышы – 00 ден 400 дейін өзгертіліп отырды. Ұяшықтың қабырғаларына координаттық торлар қойылған, сол арқылы ұяшықта орналасқан жүктің пішіні және геометриялық өлшемдері анықталады.

ААПК эксперименттік және теориялық зерттеулер нәтижелерін салыстыру– сырғанау аймағының ұзындығының  және ілінісу коэффициентінің  есептік және эксперименттік мәндерінің айырмашылығы 7....11% құрайтынын анықтауға мүмкіндік тудырды.

Арнайы арқанды-пластиналы конвейердің техника-экономикалық деңгейін және тиімді қолдану саласын бағалау минимум келтірілген шығындары арқылы нақты технологиялық жұмыс шарты үшін тасымалдау машинасының тиімді вариантын таңдаумен келесі тәуелділік бойынша жүргізілді    

,                                                (40)

мұндағы  және  - салыстырылатын варианттар бойынша жылдық пайдаланымдылық және қосынды капиталды шығындар.

«Қостанай минералдары» АҚ жағдайында ұзындығы 2160м ААПК енгізуде алынған ұйғарылған экономикалық әсер жылына 42541,32 мың теңгені құрайды.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Бұл диссертациялық жұмыста жүргізілген теориялық және эксперименттік зерттеулер құрылыс индустриясы кәсіпорынына және өнеркәсіптің тау-кен саласына арналған конвейерлердің арнайы түрлерінің қарқынды конструкциясының бір бөлігін жасауда жаңа техникалық шешім алуға, оның есептелу әдістемесін жасауға, негізгі құрылымдық және пайдаланымдылық параметрлерін анықтауға және таңдауға, сонымен қатар, келесідей қорытындыларды жасауға мүмкіндік берді:

1 Өңделетін горизонттарда және одан ары қарай өңдеуші кәсіпорындарда кен емес құрылыс материалдары мен ірі кесекті абразивті материалдардың үлкен көлемін тасымалдаумен байланысты үрдістердің ұқсастығы конвейердің қарқынды конструкциясын, яғни арнайы арқанды-пластиналы конвейерді іздеудің және құрудың  лайықтылығына себепші болды.

2 Құрылымдық көрсеткіштері бойынша конвейерлердің арнайы түрлерінің конструкцияларына салыстырмалы талдау жасау және  бағалау - жоғары өнімділікті, сонымен қатар аз массада және металлсиымдылықта беріктіктік көрсеткіштері бойынша жүк тасушы төсемдерінің және буындарының жоғары тасу мүмкіндігін қамтитын арнайы арқанды-пластиналы конвейердің жоғары техникалық жетілу дәрежесін тағайындауға мүмкіндік берді.

3 Тиімділіктің бірлік және кешендік көрсеткіштері, сонымен қатар, құрылымдық көрсеткіштері бойынша  конвейерлер конструкцияларын бағалау– оларды, бір-бірімен салыстырған кезде арнайы арқанды-пластиналы конвейер, жоғарылатылған орнату бұрышында, конвейерлердің басқа да арнайы түрлерінің алдында кешендік көрсеткіштерді қамтитынын айқындауға мүмкіндік тудырды.

4 Конвейерлердің арнайы түрлерінің қарастырылып отырған түрлерін кешендік көрсеткіштері бойынша салыстыру келесілерді тағайындауға мүмкіндік тудырды: арнайы арқанды-пластиналы конвейер құрылыс индустриясында түзу сызықты, сонымен қатар, жоспардағы қисықты трассалармен (қисықтық радиусы 60м дейін) жоғарылатылған орнату бұрышымен ірі кесекті абразивті (, 1000…1200мм – ге дейін) және кен емес құрылыс  материалдарын тасымалдау бойынша ғылыми-техникалық тапсырмаларды шешеді. Орнату бұрышы 300 дейін болғанда, меншікті келтірілген шығындар 4,56 мың тг/ткм/сағ құрайды – конвейерлердің арнайы түрлерінің салыстырылатын конструкцияларының арасында ең азы.

5 Арнайы арқанды-пластиналы конвейердің жасалған жеке үлгісіне сәйкес, жүктік тармағында тарту күшін беру үрдісі өзара әсерлесетін элементтер арасындағы үйкелістің кідірмелі түйіспесінде аймақтар бойынша олардың кедергілеріне пропорционалды болады.

6 Фрикционды өзара әсерлесудің жеке және математикалық үлгілері жасалды және ілінісудің үйкеліс коэффициенттеріне арналған аналитикалық тәуелділіктер, сонымен қатар, конвейерді орнатудың мүмкін болатын бұрыштары алынды. Теориялық және эксперименттік зерттеулер көрсеткендей, тіректік-қармау элементтерінің резеңкелі сынасының майысқақ бунағына арқандардың қысылуынан және сына бұрышының ұлғаюынан жүк тасушы төсемдегі меншікті жүктемесі Н/м2 ұлғайған кезде  коэффициентінің шамасы 29,5...38% төмендейді. Резеңкелі серпімді элементтің құрғақ арқанмен ; суланған арқанмен ; майланған арқандармен ілінісу коэффициенттерінің  мәндері анықталды.

7 Негізгі құрылымдық және пайдаланымдылық параметрлер анықталды: есептік теориялық және пайдаланымдылық өнімділіктері  және ; төсем ені ; конвейерді орнату бұрышы ; төсемдердің қоршамалары арасындағы жүк көлемінің толу коэффициенті ; қоршамалардың мардымсыз қажетті биіктігі ; жүк кесегінің тұрақтылық шартын анықтайтын  параметрі –төсемшедегі жүк кесегінің орнықтылық шарты, яғни ернеуден жүктің төңкерілуінің болмауы; төсемшені жабдықтауға және  шартты қуаты бірлігіне тиісті электрэнергияға кететін шығындар мардымсыз қамтамасыз ету шартынан  қоршамаларды орнату адымының ұтымды (тиімді)  мәні.

8 Арнайы арқанды-пластиналы конвейердегі тарту күшін беру үрдісінің мәнінің теориялық болжамының барабарлығы тағайындалған, яғни теориялық және эксперименттік зерттеулердің айырмашылығы 7....11% құрады.

Ұзындығы 2160м ААПК енгізуде алынған ұйғарылған экономикалық әсер жылына 42541,32 мың теңгені құрады.

 

Диссертация тақырыбы бойынша басылымдар тізімі

 

1 Сарғожин М.Қ., Тұрдалиев Ә.Т., Байжұманов Қ.Д. Үздіксіз тасымалдау машиналары. Практикалық және курстық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау. – Алматы: ҚазҰТУ, 2005 – 43б.

2  Омаров К.А., Байжуманов К.Д., Идрисов Д.М. Тяговый расчет канатно-пластинчатого конвейера для крупнокусковых грузов. //Современные проблемы транспортной техники: Труды межд.науч. – техн. конф. – Алматы: КИнЭУ, 2006 – С.163-168.

3 Омаров К.А., Байжуманов К.Д. Канатно-пластинчатый конвейер для крупнокусковых грузов. //Журнал Вестник КазАТК, №5(48) – Алматы: КазАТК, 2007 – С.91-97.

4 Омаров К.А., Байжуманов К.Д., Идрисов Д.М. Особенности расчета специального канатно-пластинчатого конвейера. //Журнал Вестник КазНТУ, №4 (61) – Алматы: КазНТУ, 2007 – С.92-95.

5 Байжуманов К.Д. Принципы передачи тягового усилия трением в специальном канатно-пластинчатом конвейере. //Состояние и перспективы развития механики и машиностроения в Казахстане: Труды межд.науч. конф.- Алматы: Издательство ЦНТИ, 2007 – С.248-251.

6 Омаров К.А., Байжуманов К.Д., Идрисов Д.М. Исследование и определение надежности канатно-пластинчатого конвейера. //Научно-технические, духовные ценности в наследии мыслителей Востока и А.Машани: Труды межд. научно-практ. конф.- Алматы: КазНТУ, 2007 – С.462-466.

7 Байжуманов К.Д., Идрисов Д.М. Уравнения движения механической системы канатно-пластинчатого конвейера и многоконтурного канатно-ленточного конвейера при пуске в матрично-векторной форме.  //Журнал Вестник КазАТК, №5(48) – Алматы: КазАТК, 2007 – С.115-119.