Сәтбаева Ш. Қ. Сәулелі әулет.


     Сәтбаева Ш. Қ. Сәулелі әулет.— Алматы: Қазақстан, 1996.—175 бет.

     Шәмшиябану Қанышқызы Сәтбаеваның бұл кітабы қазақ халқының қоғамдық өміріне, рухани биіктеуіне, білім, ғылым, мәдениет салаларына ат салысып, жемісті еңбек еткен бүкіл бір әулеттің өнегелі өмірі туралы сыр шертеді. Кітаптағы «Сәтбай ата», «Имантай Сәтбайұлы», «Ғазиз Имантайұлы Сәтбаев», «Әбікей Сәтбаев», т. б. тараулары жұртшылыққа бұрын беймәлім болып келген тарих беттерін ашып, мол деректер береді. Академик Қ.И. Сәтбаев секілді тұлғаның ғалымдық, адамдық жарқын бейнесі әулет тарихымен тығыз байланыстырыла баяндалады.