Қаныш аға


     Қаныш аға: Естеліктер (Құраст. Ш. Қ. Сәтбаева, Ғ. О. Батырбеков, Ә. Қ. Жармағамбетов; (Ред. ақасы А. Абдуллин, ж. т. б.) – Алматы: Жазушы, 1989. – 400 бет., порт. суретті.

     Бұл кітапта аса көрнекті совет ғалымы, СССР және Қазақ ССР Ғылым академиялары академигі, Қазақ ССР Ғылым Академиясының тұңғыш президенті, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардын лауреаты, мемлекет және қоғам қайраткері Қаныш Имантайұлы Сәтбаев туралы естеліктер жинақталған. Олардың көпшілігін Канекеңмен қызметтес болған ғалымдар, қоғам қайраткерлері, жазушылар, біразын ғалыммен кездескен, оның еңбектерінен, қағаз беттерінен әсер алған адамдар жазған. Бұл кітап академик Қаныш Сәтбаевтың ғылымдық, творчестволық, қоғамдық, ұйымдастырушылық еңбегін, орасан зор талантын, шалқар болмысын, таң-тамаша рухани келбетін, улкен адамгершілік қасиеттерін жұртшылық теренірек түсінуге септігін тигізбек.