Бакенов М.М. Өмірбеков А.Ә. Сәтбаевтану


     Бакенов М.М. Өмірбеков А.Ә. Сәтбаевтану: Оқу құралы. - Алматы: ҚазҰТУ, 2011, - 206 б.

     Оқу құралында Қазақ ССР Ғылым академиясының тұңғыш президенті және ұйымдастырушысы, Қазақстандағы тау-кен, геология саласында және техникалық білім саласында ерен еңбегі сіңген белгілі ғалым, геолог ҚИ.Сәтбаевтың сегіз қырлы, бір сырлы таланты үлгіге алына отырып, тау-кен, геология мамандықтарының жұмбақ сырлары ашылады. Қазба байлықтардың ашылуы, ғылымның дамуы, өндіріс күштердің қалыптасуы, сонымен қатар еліміздегі әртүрлі минералды-шикізат көздерін, соның ішінде бейдәстүр тәсілмен кешенді және тиімді ашылуы көрсетілген. Оқу құралында геологиялық барлау, тау-кен, мұнай, металлургия және экология-экономика институттарында білім алып жатқан студенттерге пайдалы қазбаларды кешенді және тиімді тәсілмен ашу, барлау және жөндеу жолында тиімді бағыт-бағдар беретін құнды материалдар қамтылған.