«Тіл – ұлттың тұғыры, рухы мен намысы»


26 қыркүйек күні Ғылыми кітапхана мен Әл-Машани атындағы базалық білім беру институтының орыс тілі кафедрасымен бірлескен Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай «Тіл – ұлттың тұғыры, рухы мен намысы» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Қазақстан халқы тілдері күні  мерекесі еліміздегі тіл саясатының жарқын көрінісі. Қазақстан Республикасы – барлық ұлттар мен ұлыстардың тілдерінің, дәстүрлерінің сақталуына барынша жағдай жасап отырған әлемдегі бірден-бір мемлекет. Кеш барысында университетіміздің орыс тілі кафедрасының оқытушысы Сәуле Болатқызы бастаған 1 курс студенттері тіл туралы өлеңдер оқып, туған жер, Отан жайлы әндер айтып, өз өнерлерін ортаға салды. Кешті өткізуге атсалысып, белсенділік танытқан студенттерге естелік сыйлықтар беріледі.