Рухани жаңғыру-Бабалар салған ізбенен!


Шәкәрімнің Ұлт әдебиетінің классигі екені шындық. Ұлттық философияның негізін салғаны, Алаш-Орда Ұлттық демократиялық партиясының кеңесші ақсақалы болғаны да шындық. Оның «Еңлік-Кебек» поэмасы негізінде М.Әуезовтың Еңлік-Кебек трагедиясы жазылды. Философиялық ой-толғауларды мен өлеңдері қазақ ұлтының бірнеше буынын тәрбиелеуге басты құрал болды және болып келе жатыр. Шәкәрім Құдайбердіұлының өлеңдерінің бүгінгі таңда тәрбиелік маңызы зор. Ақынның өлеңдерінің тұнығы рухани тәрбие.

23-ші қараша күні Ғылыми кітапхананың ақпараттық-аналитикалық бөлімі және Университетіміздің «Бәйшешек» әдеби бірлестігі өткізген «Дөңгелек үстелде» Ұлы Абайдың ізбасары, ақын-философ, Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығына талдау жасаған жастар осындай шындықтардың бетін ашты. ХІХ соңы ХХ ғасыр басындағы Абай бастаған ұлылар легі Ұлы далаға үлкен серпін туғызды. Бұл бір тарихи құбылыс, бүкіл қазақ даласын ұйқыдан оятқандай әсер етті. Осы лектің бірегей тұлғасы Шәкәрім Құдайберді шығармашылығына үңілген студенттер: Дәулетханова Гүлдәрия, Жақсын Әйгерім, амантай Ерсағын, Тәжітай Дәуір, Төремұратов Исламбек, Рүстембек Алтынай, Сүйіншәлиева Әсем.

Шәкәрім жырларындағы философиялық пайымдауларға, тәрбиелік негіздерге терең ден қойып, маңыздылығын паш етуге тырысты. Іс-шара барысында Ғылыми кітапхананың Ақпараттық-аналитикалық бөлім қызметкерлері: Бөлім меңгерушісі Шабанбаева Эльмира, кітапханашылар Болысбекова Рысалды, Утеулова Әсем және тарихи мұралар орталығының бас маманы, жазушы, сәтбаевтанушы Аспандияр Әденұлы қатысып сөз сөйледі.  Дәстүрлі ән сайысының жеңімпазы, 4-курс студенті Нұрислам Төлеген Шәкәрім Құдайбердіұлының әнін шырқап, дөңгелек үстелдің шырайын кіргізді.

            Ғылыми кітапхана ұжымы атынан осы кешті өткізуге үлесін қосқан Аспандияр Әденұлына алғыс айтамыз.