Назарбаев, Нұрсұлтан Әбішұлы. Ғаламдық қоғамдастықты түбегейлі жаңарту стратегиясы және өркениеттер серіктестігі


У9(5Каз) Н 17

 Назарбаев, Нұрсұлтан Әбішұлы. Ғаламдық қоғамдастықты түбегейлі жаңарту стратегиясы және өркениеттер серіктестігі / Н.Ә. Назарбаев. - Алматы: Жібек жолы, 2010. - 186 б.: портр. - 1236 тг. 64 т.

  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсултан Әбішұлы Назарбаевтың кітабы оның «Постиндустриялық қоғамды қалыптастыру стратегиясы және өркениеттер серіктестігі» атты алдыңғы басылымында бастау алған қоғамның постиндустриялык, даму мәселелерін ғылыми зерттеуінің жалғасы болып табылады. Осы басылымда автордың бұған дейін әзірленген өркениеттер серіктестігінің негіздері постиндустриялық қоғам мен қазіргі заманғы ғаламдану мәселелерінің энергиялық-экологиялық қауіпсіздік, технологиялық дамудың біркелкі еместігі, экономикалық қатынастардың әділетсіздігі сияқты ғалами мәселелерін шешу үшін қолданылды. Ресейлік және қазақстандық ғалымдар әзірлеп жатқан «2050 жылға дейінгі кезеңдегі өркениеттер болашағы» ғылыми болжамның негізінде автор жоғарыда көрсетілген үш мәселені ғаламдық қоғамдастықтың және өркениеттер серіктестігінің қағидаларына сүйеніп, тиімді шешудің стратегиясын тұжырымдайды. Бұл стратегияны автор БҰҰ Бас Ассамблеясының кезекті сессиясында, ал кейіннен, өзі 2012 ж. Қазақстанның елордасы - Астанада өткізуге ұсыныс жасаған Тұрақты даму жөніндегі Бүкіләлемдік саммитте қарастыруды мүмкін санайды. 2007 ж. қыркүйектегі БҰҰ Бас Ассамблеясында автор осыған ұқсас ұсыныспен сөз сөйлеген болатын.