Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян.


323.311.8(874)
Н 17

 Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян. - Алматы: Деловой мир Астана, 2013 ж. - 320 б.

  Қазақстан Республикасының тәуелсіз даму тарихы оның негізін қалаушы әрі Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты. Бұл кітап Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметін ресми тарихи-ғұмырнамалық зерттеудің алғашқы тәжірибесі деуге болады. Мұнда оның қарапайым ауылдағы жасөспірім кезінен бастап, ұлт көшбасшысына дейінгі өмір жолы баяндалады. Басылымда басты назар Н.Ә. Назарбаевтың саяси өмірбаянына аударылған, ол Қазақстанның ХХ-ХХІ ғасырлар аралығындағы даму кезінде болып өткен драмалық және әдеттен тыс оқиғалар мен процестердің аясында берілген. Ауқымды мұрағат материалдарының негізінде әзірленген өмірбаян Қазақстанның ең бертінгі тарихы бойынша елеулі құжаттама көзі болып табылады. Кітапта фотосуретпен безендірудің бай материалымен бірге, жеке құжаттарды түпнұсқаларымен тең мәндес көшірмелерінің алғаш рет ұсынылуы да бұл басылымға айрықша құндылық береді. Ал мұның өзі оқырманның суреттелетін оқиғалар ауанына толығырақ қанығуына септігін тигізеді.