Бір ел - бір кітап - 2014


    2014 жылы «Бір ел – бір кітап» респуликалық акция шеңберінде, қазақ оқырмандары Сайын Мұратбековтің «Жусан иiсі» («Горький запах полыни» или «Запах полыни») және «Басында Үшқараның...» («На вершине Ушкары») шығармаларын оқиды.

В цветущем и плодоносящем саду нашей многонациональной литературы молодому дереву чуткой прозы Муратбекова суждено уверенно расти и быть видным издалека.

Г. Мусрепов

    Мұратбеков Сайын 15 қазанда Алматы облысының Қапал ауданындағы Қоңыр ауылында туған.
    1957–1963 жж. ҚазМУ-де сырттай оқыған, 1971 жылы Мәскеудегі Жоғары әдеби курсты бітірген. 1954–1962 жж. туған ауылында колхозшы, мұғалім, аудандық, облыстық газеттердің әдеби қызметкері, 1962–1972 жж. «Жұлдыз» журналында, «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағында кеңесші, Көркем әдебиетті насихаттау бюросының директоры, 1972–1977 жж. Қазақстан КП Орталық Комитетінде жауапты қызметкер, 1977–1980 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, 1980–1984 жж. Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, 1984–1986 жж. «Жазушы» баспасының директоры, 1988–1991 жж. ҚЖО-ның екінші хатшысы болған. XІ сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты.
    Жазушының алғашқы шығармалары 50-жылдардың аяғында жариялана бастаған. Содан бергі уақытта әңгімелері мен повестерінің «Менің қарындасым» (1961), «Ауыл оты» (1964), «Көкорай» (1967), «Отау үй» (1968), «Жабайы алма» (1972), «Дос іздеп жүрмін» (1973) жинақтары, таңдамалы шығармаларының бір томдығы (1981), 1986 және 1991 жж. екі томдығы, 2004 жылы «Ескек жел» атты әңгімелер жинағы жарық көрген. 1989 жылы «Қалың қар», 1995 жылы «Өліара» повестері кітап боп шықты. Алматы баспаларынан орыс тілінде «Дом молодых», «Камен тугай», «Дикая яблоня», т.б. кітаптары, Мәскеу баспаларынан әр жылдары жарық көрген «Дикая яблоня», «На вершине Учкары», «Запах полыни», «У теплого родника», т.б. кітаптары, Ташкентте өзбек тілінде «Евшан иісі», Қазанда татар тілінде «Әрем иісі», украин, белорус, грузин, армян, әзербайжан, литва, т.б. туыстас халықтар тілдерінде әңгіме, повестері, араб тілінде «Жусан иісі» повестері мен әңгімелері жеке кітап болып шықты. Аударма саласында Ә.Әлімжановтың белгілі роман-повестерін, сондай-ақ Г.Толмачевтің Д.Қонаев, Н.Назарбаев туралы деректі повестерін, Алекс ла Гуманың «Тас ғалам» романын қазақшалаған. «Тел өскен ұл» (реж. Ш.Бейсенбаев, 1976) кинофильм сценарийінің авторы. 2003 жылы «Жабайы алма» повесі үшін Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты атанды. «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған. 1990 жылы «Қалың қар» повесі үшін Қазақстан Жазушылар одағының М.Әуезов атындағы әдеби сыйлығы, 1998 жылы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері атағы берілген. 2006 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. 2007 жылы дүниеден озды.

    Муратбеков С. У теплого родника: Рассказы. - Алма-Ата: Жалын, 1980. - 334 с.
    А следующий сборник его рассказов «У теплого родника» начинается повестью «Горький запах полыни», которая тесно переплетается с другой его повестью «Дикая яблоня». А объединяет их тема военного детства. В «Горьком запахе полыни» автор словно отматывает пленку своей жизни, и погружает зрителя в события 1942 года. Главным героем он делает мальчика Аяна, неординарного ребенка со сложной судьбой, вопреки всем трудностям сочинявшего каждый раз новую сказку для ребят. Горький запах полыни связывается у ребят с памятью об ушедших на фронт отцах и братьях.

 

    Муратбеков Саин. Дикая яблоня: повести и рассказы: пер. с каз. /С. Муратбеков. - М.: Сов. писатель, 1979. - 350 с.
    В «Дикой яблоне» описывается жизнь казахского аула в военные годы. Судьба собаки Кокинай, нашедшей приют у дикой яблони, странным образом связывается с судьбами жителей аула. До войны у нее, как и у людей «были и дом, и хозяин по имени Басен, а сама она считалась лучшей охотничьей собакой в округе». Собака остается дожидаться возвращения своего хозяина с войны, не поддавшись на уговоры хозяйки Жайдар, но злые люди убивают ее щенят, после чего она пропадает, словно ее и не было. Проклятье собаки падает на жителей аула - Бубитай, ставшую безумной и ее сына Спатая.

 

    Мұратбеков Сайын. Біреу: әңгімелер /С. Мұратбеков; Әл-Фараби атындағы Қаз. ұлт. ун-ті мен Халықаралық Абай клубы жанындағы әлем халықтары әдебиетінің ин-ты.- Жидебай: Халықаралық Абай клубы, 2013.- 344 б.: сурет.
    Жазушы Сайын Мұратбековтың бұл жинағына жиырмадан астам таңдамалы әңгімелері енген. Бұл әңгімелердің басты тақырыбы ауыл адамдарының адалдығын, аңқылдақ, кіршіксіз ақкөңіл мінездерін, бауырмалдығын, ішкі ой-сезім иірімдерін, мұңы мен мұратын көркемдейді, күйкі тірлікті мінеп, оқырмандарына ой салады.

 

    Мұратбеков С. Жабайы алма: Повесть /Сайын Муратбеков. - Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2010. - 400 б
    Қазақ әдебиетіне өткен ғасырдың 60-шы жылдары келген Сайын Мұратбеков шығармашылығы адам-қоғам-таным үштігін паш етуге күш салады. Адам баласының бұла шағы - балалықтың алтын елестерін оқырманның көз алдына әкеледі. Соғыстан кейінгі елдің басындағы хал-ахуалды суреттейтін «Жабайы алма» қалың оқырманға арналған.

 

 

    Мұратбеков С. Шығармалар жинағы. 1-том. - Алматы «Өлке», 2005 ж. - 320 б.
    Жазушы Сайын Мұратбековтың бұл жинағына жиырмадан астам таңдамалы әңгімелері енген. Бұл әңгімелердің басты тақырыбы мен көтерген өзекті мәселесі - ауыл өмірі мен әлеуметтік жағдайдың өзара байланысын суреттеу арқылы кейіпкерлердің азаматтық табиғи болмысын, адамгершілік позициясын, рухани тазалығын, жан сұлулығын, нәзік құбылыстарын, сан қырлы қайшылықтарын, психологиялық этюдтермен өрнектеу. Осы мақсатта, ауыл адамдарының адалдығын, аңқылдақ, кіршіксіз ақкөңіл мінездерін, бауырмалдығын, ішкі ой-сезім иірімдерін, мұңы мен мұратын көркемдейді, күйкі тірлікті мінеп, оқырмандарына ой салады.

 

    Муратбеков С. Екі томдық шығармалар жинағы. 2-том. - Алматы, «Өлке», 2006. - 240 б.
    Белгілі қаламгер С.Мұратбековтың бұл жинағына «Жусан исі», «Басында Үшқараның...», «Біреу», «Құбаның фокусы», «Көкорай» деген таңдамалы әңгімелері енген. Бұл туындыларға кезінде оқырмандар жылы қабылдап, ыстық ықыласын білдірген. «Жусан иісінде» жетім бала Аянның, «Басында Үшқараның» әңгімесінде арман қуған жастардың тағдыры суреттелсе, қалғандарында ел өмірі, жастардың мінез-құлқы, тыныс-тіршілігі, адам меп адам қарым-қатынасы, күйкі тіршілік шебер, нанымды баяндалады.

 

    Муратбеков Саин. «Запах полыни»: Повести и рассказы (Пер. с каз.) - Алма-Ата: Жалын, 1984. - 560 с.
    В сборник повестей и рассказов «Запах полыни» вошли произведения, хорошо известные всесоюзному читателю. Идейная убежденность, моральная чистота, трудолюбие, оптимизм – вот те прекрасные качества которыми наделены герои его произведений.

 

 

 

Жүктеу