Оқырмандарға


     Осы ереже «Қ.И.Сәтбаев атындағы Ғылыми кітапханасы туралы ереженің» негізінде құрастырылды және кітапханалар мен кітапхананы пайдаланушылар арасындағы қатынасты реттейді.

Ғылыми кітапхананы пайдаланудың жалпы ережелері
 
        Университеттің оқытушылары, қызметкерлері, магистранттары, студенттері - Ғылыми кітапхананы пайдалану  құқығына ие.
        Ғылыми кітапхана- оқырмандарға кітап, газет, журналдарды және басқа да құжаттарды  уақытша пайдалануды ұйымдастырады.
         Кітапханалық қызмет көрсетудің барлық түрлері ақысыз көрсетіледі.
        Әдебиеттерді қолға беру абонементтерде жүргізіледі. Соңғы және жалғыз дана құжаттар үйге берілмейді Сыртқа алып шығуға рұқсат етілмейтін әдебиеттерді оқу залдарында пайдалану ұсынылады.
        Ғылыми кітапханаға жазылу оқырманды куәләндыратын университетке  тиісті құжаттарды көрсету арқылы және электронды суретімен жүргізіледі. Оларға жеке оқырман формуляры толтырылып және оқырман билеті беріледі.
        Оқырман билеті Ғылыми кітапхананың барлық абонементтері мен оқу залдарын пайдалану құқығына берілген  жалғыз құжат болып табылады.  Оқырман билетінің мерзім күші университетті тамамдағанда жойылады. Ғылыми кітапханаға оқырмандарды ең алғаш жазар кезде, кітапхана ережелерімен таныстырып, міндеттерді орындауға растайтын оқырман формулярына қолын қояды.
 
Абонементтерді пайдалану ережелері
 
        Оқырман әдебиеттерге өтініш берер кезде,оқырман билетін көрсетіп,оқырманның талап парағын толтырып және өтініш берген әдебиеттің әр талап парағына қол қояды.
        Абонементтерде әдебиеттерді үйге беруге төмендегі мерзімдер көрсетіледі:
  • қоғамдық  ғылымдар бойынша оқу әдебиеттері  оқу  жылына беріледі;
  • оқу және әдістемелік әдебиеттер сәйкес пәндердің оқытылатын мерзіміне қарай міндетті түрде қайта тіркеліп,нақты мерзімі көрсетіліп беріледі;
  • ғылыми және арнайы әдебиеттер саны 2-3 кітаптан, міндетті түрде қайта тіркеліп,нақты мерзімі көрсетіліп,15 күнге беріледі;
  • көркем әдебиеттер саны 1-2 кітаптан аспайтын мөлшерде міндетті түрде қайта тіркеліп,нақты мерзімі көрсетіліп,15 күнге беріледі;
        Егер басқа оқырман тарапынан баспа өніміне сұраныс болмаған жағдайда, пайдалану мерзімі ұзартылады.
        Оқырман әдебиетті жоғалтқан жағдайда зиян келтірілген шығынның бағасына тең, әдебиеттің мазмұнына жақын немесе кітапхана қорына қажетті кітаппен өтейді.
        Сырттай, қашықтықтан оқытылатын студенттерге қажетті әдебиеттер сессияаралық мерзімге беріледі.
        Студенттер оқу процессі аяқталғаннан соң барлық әдебиеттерді өткізіп, қайта тіркеуден өтуі тиіс.
 
Оқузалын пайдалану ережелері
 
        Оқырман әдебиеттерге өтініш берер кезде,оқырман билетін көрсетеді.
        Оқу залында оқырманға берілетін кітаптарға немесе басқа баспа өнімдеріне саны ереже бойынша шектеу қойылмайды. Берілетін құжатқа бір уақытта сұраныс жоғары болса, онда  қолға беру  данасы шектеулі болуы мүмкін.
        Қор сақтау қоймасынан оқу залына берілетін кейбір әдебиеттер анықталған мерзімге сақталуы мүмкін. Энциклопедиялар, анықтама басылымдары, диссертациялар, күнделікті  мерзімді басылымдар, құнды және бағалы кітаптар тек ғана оқу залында оқуға беріледі.
        Әдебиеттерді оқу залынан шығаруға тыйым салынады. Ережелерді оқырман бұзған жағдайда, кітапхананың әкімшілігі анықтаған мерзімге Ғылыми кітапхананы  пайдалану құқығынан айырылады.
 
Оқырманның міндеттері мен құқығы
 
     
Оқырман төмендегілерге құқылы:
     
  • кітапхана ұсынған ақпараттық-кітапханалық қызметтердің негізгі түрлерін тегін пайдалану;
  • ақпарат көздерін таңдауға және іздеуге кеңестік көмек алу;
  • Кітапханадағы бар электронды техникалардың көмегімен электронды каталог және де басқа ақпараттық  қызмет мәліметтерін пайдалану;
  • кітапхананың барлық абонементтерінен уақытша  кітап пайдалануға және де басқа  ақпараттарды алуға;
  • кітапхананың қор құрамы жөнінде каталог және картотека жүйелері мен басқа кітапханалық насихаттау түрлері арқылы толық мәлімет алуға.
     
Оқырмандар құқығы:
     
        Оқырман әдебиеттерге өтініш берер кезде,оқырман билетін көрсетіп,оқырманның талап парағын толтырып және өтініш берген әдебиеттің әр талап парағына қол қояды.
        Оқырман жыл сайын оқу жылы аяқталғаннан соң, оқырман билетін көрсетіп, өзіне тиесілі барлық әдебиеттерді өткізіп, қайта тіркеуден өтуі тиіс.
        Кітапхананың қайта тіркеуінен өтпеген оқырмандарға қызмет көрсетілмейді.
        Оқырман билетін бөгде адамға беруге немесе бөгде адамның оқырман билетін пайдалануға тыйым салынады.
        Ғылыми кітапханаға оқырман ең алғаш жазылар кезде, кітапхана ережелерімен танысып, міндеттерді орындауға растайтын оқырман формулярына өз қолын қояды.
        Оқырман кітапхана қорынан алынған басылымдарға ұқыпты қарауға міндетті:оларға белгі салуға, сызуға, беттерін бүктеуге тыйым салынады. Әдебиеттерді қолға алған кезде, әр басылымды мұқият тексеріп, ақауы болған жағдайда, ол жөнінде кезекші кітапханашыға ескерту керек. Егер ескертпеген жағдайда бүлінген кітапқа соңғы пайдаланған оқырман жауапты болады.
        Оқырман әдебиетті немесе басқа да басылымды жоғалтқан жағдайда зиян келтірілген шығынның бағасына тең, кітаппен өтейді.
        Кітапханаға зиян келтірген оқырман, Қазақстан Республикасының заңдарына және кітапхананы пайдалану ережелеріне сәйкес, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
        Оқырман университеттен шығар кезде, кітапханамен толығымен есеп айырысып, оқырман билетін өткізу керек.
 
Ғылыми кітапхананың міндеттері мен құқығы
 
        Ғылыми кітапхана жоғары кәсіби білім беруді ұйымдастыру туралы кітапханалар заңдары мен кітапхананы пайдаланудың Ережелеріне сәйкес  оқырмандарға қызмет көрсетеді.
     
Кітапхана құқығы:
     
  • Берілген  кітаптардың уақытында қайтаруын үнемі қадағалауды жүргізу;                      
  • Кітапхананы пайдаланудың Ережелерін бұзған оқырмандарға айыппұл санкциясын қолдану;
  •      
    Кітапхана міндеті:
         
    • Оқырмандарға кітапхананың барлық қорын пайдалануды қамтамасыз ету;
    • оқырмандарға қажетті әдебиеттерін таңдауға және іздеуге кеңестік көмек беру, қызмет көрсетудің жоғары мәдениеттілігін арттыру;
    • кітапханада оқырмандардың қолайлы жұмыс істеуіне қажетті жағдай жасап, қолдау көрсету;
    • оқырман талабын толығымен қанағаттандыру;
    • алдыңғы  технологиялар мен компьютерлендіруді енгізу, кітапханалық және ақпараттық қызмет көрсетуді жетілдіру;
    • студенттерді білімге, үнемі өзін-өзі білімін көтеруге ынталандыру, кітап оқуды сүюге жетекшілік жасау;
    • оқырмандардың кітапханалық-библиографиялық сауаттылығын, оқу мәдениеттілігін көтеру,  
    • анықталған ережелерге сәйкес, қор сақтау қоймасындағы басылымдардың сақталуы мен пайдалану есебін жүрізу;
    • қордағы ұлттық мәдени құндылықтар болып табылатын мүліктерді, қорын сақтауға жауапкершілік алу:оқырмандарға берілген кітаптардың уақытында қайтарылуын қадағалау, мерзімі өтіп кеткен тек бұрынғы алған кітаптарын қайтарған жағдайда ғана,  оқырмандарға үйге кезекті кітап беру;
    • қарыз оқырмандарды болдырмау және жою бойынша үнемі жұмыстар жүргізу;
    • оқырмандардың кітапханада сақталған құжаттарына қол жеткізуге шектеу қойылмайды.
         
    Оқырмандарға рұқсат етілмейді:
         
    • кітапханаға сыртқы киіммен кіруге;
    • оқу залында мобильді телефонды пайдалануға;
    • кітапхана ғимаратында тыныштықты және тазалықты бұзуға болмайды;
    • кітапханадан кітапты алып шығуға;
    • кітапхана басылымдарын бүлдіруге:(оларға белгі қоюға, сызуға, бетін жыртуға, сыртқы мұқабасымен және бетін бүктеуге т.б.);
    • каталог және картотекадан карточкаларды суырып алып тастауға;
    • кітапханашының рұқсатынсыз кітап сақтау қоймасына кіруге.

     Оқырмандар  жоғарыда көрсетілген ережелерді бұзғаны үшін, жеке нақты анықталған мерзімге кітапханы пайдалану құқығынан айырылады.    Ғылыми кітапхананы пайдаланудың ережелерін дөрекі бұзғаны туралы  оқырмандардың құжаттары деканатқа  қаралуға беріледі.