Бір ел - бір кітап - 2015


    2015 жылы Ұлттық академиялық кітапханасында «Бір ел — бір кітап» акциясы бойынша ұйымдастыру комиссиясының отырысында жыл кітабы болып Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы таңдалды.

«Есенберлин Ілияс қызық еді. Ұлытаудың сілемі, үзігі еді. Арктика мұзындай тақырыпты, Жалғыз өзі — жарықтық бұзып еді!»

 

Қадыр Мырза-Әлі

    1915 жылдың 10 қаңтарында, Ақмола облысының Атбасар уезінде, ағаш шеберінің отбасында дүниеге келді. 
    Ілияс Есенберлин және інісі Раунақ ерте жетімсіреп қалды, өйткені олардың әке-шешесі індет (қорасан) кезінде қайтыс болды. Туыстар Раунақты өзіне алды, ал Ілияс панасыз қалды.
    Әлсіреп кеткен, ауырып қалған, ашыққан Ілияс балалар үйіне түседі. Мектеп қабырғасында математикаға өзінің бейімділігін көрсетіп, қазақ фольклорын да керемет білген екен. Әлемдік классика туындыларын оқып, суретті жақсы салған.
    Мектептен соң рабфакта (жұмысшы факультеті) оқып, 1940 жылы Алматы металлургиялық институтын бітірді. Ұлы Отан соғысына қатысып, майданда ауыр жарақаттанды, 1944 жылы Алма-Атыға қайтып келді.
    Ілияс Есеберлин «халық жауы» Хамза Жүсіпбековтың қызына үйленіп, саяси құғынға ұшырады. Осы үшін жұмыстан қудаланып, Қарақұм каналының құрылысына жер аударылып, қаза таба жаздады. Болашақ жазушы білімі бойынша инженер болғандығы арқасында ғана тірі қалады. Мұнда ол құрылыстың маңызды аймағын басқарды. Сталин өлімінен кейін Ілияс Есенберлин есімі, ақталды. Ілияс жұбайымен бірге Семей облысында орналасқан кен ошағына барады. Ілияс Есенберлин соғысқа қатысқанда өз шығармаларын жаза бастады. 1945 жылы алғашқы поэтикалық шығармалары жарық көрді. Дегенмен, соғыстан кейін ғана жазушылыққа өз жақындығын түсінді. Алматы қаласына көшіп, көркем әдебиет баспасында редактор болып жұмыс істеді. Мұнда «Адам туралы ән» романын жаза бастады.
    Кейін Есенберлин киностудияға жұмысқа тұрып, Қапан Сатыбалдин, Шәкен Айманов, Олжас Сүлейменов және өнер саласындағы басқа майталман адамдармен бірге жұмыс істеді.Көптеген фильмдердің сценарийлерін редакциялады. Онға жуық пьесаның сценарийлерін жазып, дегенмен, кәсіби драматург бола алмады.
    Жазушы ізденіп, қазақ халқының тарихын тереңдетіп зертеп, ғылыми монографиялар оқып, мұрағаттарға барып, тапқан барлық дереккөздерді мұқият қарастырып отырды.Ілияс Есенберлин өзінің бірінші тарихи романы үшін жинаған материалды өңдеді.
    Ал 1965 жылы «Қаһар» кітабын үш айдың ішінде жазып, кейін оның атауын «Көшпенділер» деп өзгертті. Бұл кітаптан кейін «Алтын Орда», «Қатерлі өткел», қазіргі заманның өзекті тақырыбындағы «Алтын құс», «Айқас» кітаптарын жазды. Ілияс Есенберлиннің шығармаларындағы тақырыптар маңызды, кейіпкерлер батыл болды.
    Жазушы 1983 жылдың 5 қазанында жүректің жарылуынан қайтыс болды. Осы күні Ілияс Есенберлинның ұлы жазушының жаңа ғана жарық көрген бес томдығын әкесінің қолына тапсырды.

«БІР ЕЛ - БІР КІТАП» АКЦИЯСЫ - 2015 ж.
Ілияс Есенберлин «Көшпенділер»

    Қазақ әдебиетін насихаттау, тарихи-мәдени және рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа, өнегелілікке тәрбиелеу, сондай-ақ, оқырмандарды әдеби-көркем кітаптарды оқуға, кітапханаға тартуға бағытталған «Бір ел – бір кітап 2015» акциясына, академик Ғарифолла Есімнің төрағалығымен өткен ұйымдастыру комитетінің отырысында оқырмандардың ең көп дауыс жинауына байланысты, 2015 жыл кітабы болып көрнекті жазушы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы таңдалып алынды.
    Ілияс Есенберлин - қазақ халқының сан ғасырғы тарихын көркем тілмен бейнелеп, қазақ елінің әдебиеті мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан үздік қаламгер. Жарты әлемге аты мәшһүр «Көшпенділер» трилогиясы ел президенті Н.Назарбаевтың сөзімен айтқанда, «жалпы таралымы үш миллион данамен елу реттен аса шығарылып, қазірдің өзінде отыз тілге аударылған». Жазушының «Көшпенділер» трилогиясыныңдағы кейіпкерлері - негізінен, тарихи тұлғалар, Шыңғысхан дәуірінен басталып Кенесарымен аяқталатын қазақ мемлекетінің бастау көзі мен қиын-қыстаулы тағдыр-талайының басында тұрған хандар тізбегі, ел мұңы мен арман-тілегінің хабаршысы – ақын-жыраулар, ел мен жер үшін, ұрпақ болашағы үшін жан аямай шайқасып, Отанын қорғай білген арыстан жүрек, атан жілік батырлар.
    Бұлар – ел есінде аттары жатталып, тарихта қалған, өмірде болған тұлғалар.Атап айтсақ: Алмас қылыш романында - Әбілқайыр хан , Жәнібек хан, Керей хан, Жанталас романында - Қасым хан, Хақназар хан, Абылай хан, Бұқар жырау, Қаһар романында - Асан қайғы, Қазтуған, Кенесары хан, Ағыбай батыр сияқты тарихи,аты аңызға айналған тұлғалар басты кейіпкерлер болып табылады.
    Трилогия — хронологиялық жүйеге құрылған, қазақы шежірелік сипатты бойына жинақтаған тарихи шығарма. Трилогия жөнінде кезінде терең зерттеулер жүргізген қазақ ғалымдары: Р.Бердібаев пен Ш.Елеукеновтың еңбектерінде «роман хроника» деп анықтама берілген. Ондағы баяндалатын оқиғалар негізінен тарихи жүйемен дамып, өрбіп отырады.
    Ең бастысы, Ілияс Есенберлин — бүгінгі және кешегі күннің үздік туындысы - «Көшпенділер» трилогиясының тудырушысы.
    Осыған орай, Қ.И. Сәтбаев Қазақ ұлттық техникалық университетінің Ғылыми кітапхана аты әлемге таныс жазушы Ілияс Есенберлиннің барлық шығармаларын қалың оқырмандар арасында насихаттау мақсатында кітап көрмелері, оқырмандар конференциясы, әдеби кештер, кітапханалық анонс, пікірталастар, оқу марафондары және т.б. көптеген мазмұнды әрі қызықты шаралар ұйымдастырады.
    Сіздерді, көрнекті жазушы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» атты трилогиясын оқуға, «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Ғылыми кітапханада өткізілетін шараларға белсене қатысуға, рухани нәр, тәлімдік тәрбие беретін баға жетпес мәдени мұра көркем әдеби шығармаларды бірге оқып, ой бөлісуге шақырамыз.

    Есенберлин Ильяс. Кочевники: ист. трилогия: пер. с каз. / И. Есенберлин.- Алматы: Кочевники, 1998.- 536 с.: ил.
   

   Знаменитая трилогия И.Есенберлина «Кочевники». Хотя книга выпускалась более пятидесяти раз общим тиражом в три миллиона экземпляров и переведена уже на тридцать языков, данное издание примечательно тем, что впервые осуществлено в период становления независимого Казахстана. Тем самым почитателям и ценителям творчества выдающегося писателя, всем, кому дорога наша история, предоставлена возможность взглянуть на произведение по новому - с позиции осуществленной мечты казахского народа, издревле стремительно к свободе и мужественно боровшегося за национальную независимость.

Читать книгу

    Есенберлин Ильяс. Кочевники: Ист. трилогия: Пер. с каз. / И. Есенберлин.- Алматы: Кочевники, 2007.- 720 с.: ил.

    Вы держите в руках новое издание знаменитой трилогии Ильяса Есенберлина «Кочевники». Хотя книга выпускалась более пятидесяти раз общим тиражом в три миллиона экземпляров и переведена уже на тридцать языков, данное издание примечательно тем, что впервые осуществлено в период становления независимого Казахстана. Тем самым почитателям и ценителям творчества выдающегося писателя, всем, кому дорога наша история, предоставлена возможность взглянуть на произведение по новому - с позиции осуществленной мечты казахского народа, издревле стремившегося к свободе и мужественно боровшегося за национальную независимость.

 

    Есенберлин, Ильяс. Золотая Орда: Роман: Пер. с каз. / И. Есенберлин.- Алматы: Фонд им. И. Есенберлина, 1999.- 446 с.: портр.

    Знаменитая историческая трилогия И.Есенберлина «Золотая Орда», рассказывающую о периоде весьма далеких лет, и тем не менее, имеющем исключительно важное значение для развития этногенеза казахского народа и становления его будущей государственности.

 

 

    Есенбердин Ильяс. Кочөвники: Ист. трилогия /Пер. с каз. М. Симашко. - Алма- Ата: Жазушы, 1986. Кн. 1. Заговоренный меч. 224 с.

    Трилогия И. Есенберлина «Кочевники» - многотомное, многоплановое произведение, воссоздающее историю казахского народа с XV века до середины XIX века. В нем показан процесс объединения казахских племен после распада империи Тимура, борьба с иноземными завоевателями и дается историческое обоснование добровольного присоединения в XVIII веке Казахстана к России.

 

    Есенберлин Ильяс. Кочевники: Ист. трилогия / Пер. с каз. М. Симашко. - Алма-Ата: Жазушы. Кн. 2. Отчаяние. 1986. 224 с., ил.

    Трилогия И. Есенберлина «Кочевники» - многотомное, многоплановое произведение, воссоздающее историю казахского народа с XV века до середины XIX века. В нем показан процесс объединения казахских племен после распада империи Тимура, борьба с иноземными завоевателями и дается историческое обоснование добровольного присоединения в XVIII веке Казахстана к России.

 

    Есенберлин Ильяс. Кочевники: Ист. трилогия / Пер. с каз. М. Симашко.— Алма-Ата: Жазушы, 1986.—232 с., ил. Кн. 3. Хан Кене.

    Трилогия И. Есенберлина «Кочевники» - многотомное, многоплановое произведение, воссоздающее историю казахского народа с XV века до середины XIX века. В нем показан процесс объединения казахских племен после распада империи Тимура, борьба с иноземными завоевателями и дается историческое обоснование добровольного присоединения в XVIII веке Казахстана к России.

 

 

    Есенберлин, Ілияс. Жұлдыздар: Дастандар / І. Есенберлин.- Алматы: Жазушы, 1977.- 132 б.

     Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты І.Есенберлинің бұл жинағына бұрын-соңды жазылған дастандары енгізілген. «Біржан сал» - қазақ халқының атақты әнші-композиторының, өмірін жыр етсе, қалған дастандарында советтік патриотизм, ерлік, достық паш етіледі.

 

 

     Есенберлин Ильяс. Опасная переправа. Золотые кони просыпаются. / Пер. с каз.- Алма-Ата: Жазушы, 1979.- 352 с.

    В книгу лауреата Государственной премии Казахской ССР И.Есенберлина вошли два романа. «Опасная перелрава» - произведение, уже известное читателю, - рассказывает о жизни и становлении казахской интеллигенции. «Золотые кони просыпаются» - многоплановый роман о творческих дерзаннях, поисках древней цивилизации казахскими археологами и повседневном труде гидрогеологов, создающих рукотворное море в степях Сырдарьи. Создавая образы простых советских тружеников, писатель показывает внутренний мир своих героев, силу их чувств, помыслов.