Сәрсеке Медеу. Қаныш Сәтбаев


     Сәрсеке Медеу. Қаныш Сәтбаев: роман-эссе / М. Сәрсеке.- Астана: Фолиант, 2008.- 648 б.- ( Нартұлға)

     Ұлтымыздың кемеңгер перзенті Қаныш Сәтбаевтың ғұмыр жолын айшықтауға Медеу Сәрсеке қырық жылдан астам уақытын сарп етіп, осы жолда толғаған тартымды еңбегімен қазақ қауымына танылған қаламгер. «Нартұлға» сериясымен жарыққа шығып отырған «Қаныш Сәтбаев» ғұмырнамасы - деректі жанрдың айтулы шеберінің осы саладағы көп жылдық еңбегінің тың деректермен толықтырылып, Мәскеудің «Молодая гвардия» баспасының әлемге әйгілі «Жайсаң адамдар өмірі» («ЖЗЛ») сериясымен 2003 жылы екінші мәрте жарияланған нұсқасымен мәтіні бірдей ең толымдысы. Бұған дейін құпияда ұсталып, «ақтаңдақ» қалпында қалып келген мұрағат құжаттарын, хаттар мен естеліктерді пайдаланып, ұлы ғалымның замандастары мен туыстарының, үйішінің жүрекжарды әңгімелерін арқау етіп қиял-қоспасыз өрілген һәм ғалым өмірінің бел-белестерін бүкпесіз ашып, ұлағатты ғұмыр жолын саралап та, даралап та ұлықтаған ғұмырнама, сірә, Қаныштай асылымызды ардақ тұтқан қауымды бей-жай қалдырмас деген үміттеміз.