Ақиқат


  Ақиқат

 «Ақиқат» журналы қазақ ұлтының айнасы іспеттес басылым. Ол алғаш 1921 жылдың 15 қыркүйегінде Орынборда «Қызыл Қазақстан» деген атпен жарық көрген. 1921 жылы шыққан журналдың алғашқы сандарында ұлттық сипаттағы өзекті-өзекті мәселелер көтеріледі. Қазіргі таңда «Ақиқат» журналы қоғам дамуының маңызды тұстары, соның ішінде саясат, тарих, философия, экономика, мәдениет және филология салаларындағы өзекті мәселелерді уақытылы көтеріп, маңызды да ғылыми құнды мақалалардың жарық көруімен ерекшеленеді. Журнал негізінен елдің стратегиялық бағыттары, Елбасының жылма-жылғы Қазақстан халқына арналған Жолдауларында көтерілген мәселелерді жан-жақты талқылап, халыққа түсіндірумен келеді. Ел зиялылары, қайраткер тұлғалар, жазушы, журналистер ұсынған әртүрлі тақырыптардағы материалдар да жиі жарияланып тұрады.