ХАБАРЛАНДЫРУ

 

Құрметті кітапхана оқырмандары!

Сіздерді 27-28 қыркүйек күндері болатын Ғылыми кітапхана қорына келіп түскен "Жаңа оқулықтар көрмесіне" шақырамыз. Көрмеде ғылыми, техникалық салаларды қамтитын қазақша, орысша және ағылшын тіліндегі оқулықтармен таныса аласыздар. 

Өтетін орны: Ғылыми кітапхана фойесі (ТКҒ, 176)

Уақыты: 09.00 - 17.00


ЭПИГРАФ компаниясының өкілдерімен кездесу

 

Университеттің барлық оқушыларын 27 қыркүйек күні Ғылыми кітапханада өтетін ЭПИГРАФ компаниясының өкілдерімен болатын кездесуге шақырамыз.

Кездесу тақырыбы: "Электронды кітапхана. ҚР электронды ресурстары"

Өтетін орны: 27 қыркүйек, 268 (ТКҒ) өтеді. Басталуы сағат 15.00.

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

Құрметті пайдаланушылар!

Сіздерді Satbayev University Ғылыми кітапханасында өтетін "Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік меншік объектілерін патенттеу. Шетел патенттері" атты оқыту семинарына қатысуға шақырамыз. 


"Химиялық және биохимиялық инженерия саласындағы жоғары білім және ғылымның қазыргі заманғы үрдістері" халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

 

13 қыркүйек күні "Химиялық және биохимиялық инженерия саласындағы жоғары білім және ғылымның қазіргі заманғы үрдістері" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға және де ҚР ҰҒА академигі Шайқұтдінов Еренғайып Мәлікұлының 85 жасқа толған мерейтойына орай  кітап көрмесі ұйымдастырылды.  

Кітап көрмесіне мерейтой иесінің ғылыми еңбектері, оқулықтары, сондай-ақ конференциялар мен ғылыми жинақтарда жарияланған еңбектері  қойылды. 


Вебинар

     Ғылыми қызметкерлерді, магистранттарды, кітапхананың барлық оқырмандарын Эльзевир деректер қорының "Scopus және ScienceDirect: Сіздің зерттеулері


Хабарландыру!

Назар аударыңыздар!

Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана «Орталықтың электронды ресурстары - ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет саласында жұмыс істейтін мамандарға» арнап кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету орталығының ресурстармен танысуды ұсынады.  Презентация

 


Құрметті бірінші курс студенттері!

 

Ғылыми кітапхана қызметкерлері Сіздерді Satbayev University студенттері болуларыңызбен шын жүректен құттықтайды! Университет Ғылыми кітапханасының есігі Сіздер үшін әрқашан айқара ашық.