2013 жылға жазылу

Хабарландыру!

Құрметті ұстаздар!

2013 жылға газет-журналдарға жазылу компаниясы басталуына байланысты, Сіздерден кітапханадағы қорды жинақтау бөлімінен (191 ГМК кабинет) «Газеттер мен журналдар катологын» қарап, басылымдарға тапсырыс берулеріңізді сұраймыз.

Ғылыми кітапхана


«Техникалық ғылымдар және технологиялар» кітап көрмесі

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті базасында 2012 жылғы 29 қыркүйекте РОӘК мәжілісінің өткізілуіне байланысты Ғылыми кітапхана «Техникалық ғылымдар және технологиялар» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Ғылыми кітапхана


Жаңа әдебиеттер көрмесі

13-14 наурыз күндері Ғылыми кітапхана фойесінде (ТКҒ - 170) 2012 жылдың ақпан айында кітапхана қорына келіп түскен жаңа әдебиеттердің кітап көрмесі ұйымдастырылады. Көрме сағат 09. 30 - 17. 00. дейін жұмыс жасайды.

Жаңа әдебиеттермен кітапхана сайтындағы "Жаңа түсімдер бюллетені" бөлімі e-lib.kazntu.kz/node/490. арқылы танысуға болады.


Жаңа әдебиеттер көрмесі

Оқырмандар назарына!

2012 жылдың 15-16 ақпан күндері ғылыми кітапхана фойесінде 2011 жылдың желтоқсан айы және 2012 жылдың қантар айында түскен жаңа әдебиет көрмесі ұйымдастырылады. Көрме уақыты: сағат 9. 30 - 17. 00.

e-lib.kazntu.kz/node/490.

 


Жаңа әдебиеттер көрмесі

 
Оқырмандар назарына!
 
2011 жылдың 7-8 қараша  аралығында сағат 9.30 дан 17.00 ге
дейін ғылыми кітапхананың фоесінде қыркүйек, қазан айында түскен жаңа
әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылады.
 


Қазақстанның жоғары орындарын оқулықпен қамтамасыз ету жөніндегі VI Республикалық конференциясы

  

2011 жылдың 20 қазанында Қазақ ұлттық аграрлық
университетінде,  ҚР  Жоғары оқу орындары қауымдастығының
ұйымдастыруымен, Қазақстанның жоғары орындарын оқулықпен қамтамасыз ету
жөніндегі
VI Республикалық конференция болып өтті.

 

 


Нәдіров оқулары

 

 2011 жылы қыркүйек айының 22-23 жұлдызында Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің акт залында жыл сайын өтетін Халықаралық Нәдіров оқулары аясында «Мұнай-газ кешенінің ғылыми-технологиялық дамуы» тақырыбында кезекті IX- ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.