Семинар, EBSCO ресурстарын пайдалану

Құрметті пайдаланушылар!

   23 желтоқсан күні сағат 10:00 де EBSCO компаниясы өткізетін семинарға қатысуға шақырамыз.
     ҚазҰТЗУ-дағы компаниясының барлық қол жетімді ресурстары туралы ақпараттармен компания қызметкері Тамила Миркамилова таныстырады
     EBSCO http://search.ebscohost.com/ - - электрондық сервистерді және ақпараттық қызметтер нарығындағы деректер қорын жеткізуші компания.
     Семинар Ғылыми кітапхананың № 265 (Тау-кен ғимаратындағы) оқу залында өтеді.

Баршаңызды семинарға шақырамыз


Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік!

   2016 жылдың 8 желтоқсаны күні ҚазҰТЗУ-нің акт залы фойесінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай «Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
     Көрмеге қазақ елінің тәуелсіздікке жету жолындағы тарихи, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми, мәдени, сыртқы-ішкі экономикамен байланысты оқиғаларын суреттейтін көптеген авторлардың, сондай-ақ Қаныш Имантайұлы Сәтбаев пен Машани Ақжан Жақсыбекұлының өмірі мен ғылыми еңбектері қойылды.


«Қазақстан Республикасында қоғамның ақпараттық мәдениетін арттыру мақсатында медиалық және ақпараттық сауаттылықты ілгерілету» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

Уважаемые пользователи!

   29 қараша күні Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ Ғылыми кітапхана қызметкерлері Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де өткен «Қазақстан Республикасында қоғамның ақпараттық мәдениетін арттыру мақсатында медиалық және ақпараттық сауаттылықты ілгерілету» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты


Елін сүйген, елі сүйген Елбасы

        Ғылыми кітапхана 1 - Желтоқсан Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай «Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.


Онлайн - семинар THOMSON REUTERS

Құрметті пайдаланушылар!

   Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ Ғылыми кітапханасы 2016 жылдың 30 қараша мен 9 желтоқсан аралығында өтетін Thomson Reuters компаниясының Web of Science және басқа да ресурстардың ғылыми қызметі туралы өтетін кезекті онлайн-семинарға қатысуға шақырамыз.

   Өзіңізді қызықтырған семинарға тіркелу, қажетті ақпараттармен http://wokinfo.com/russian/ сайтының оң жағындағы ОНЛАЙН-СЕМИНАР жасыл кнопканы басу арқылы таныса аласыздар.

Кестесі


SciVal талдау жүйелерін пайдалану бойынша ұсынымдар жариялады

Құрметті пайдаланушылар!

        Ғылыми кітапхана сайтының «Зерттеушілерге» бөлімінде SciVal талдау жүйесін қалай пайдалану туралы толық нұсқаулық жарияланды.
        Elsevier компаниясы дайындаған бұл қысқаша нұсқаулық зерттеушілер мен әкімшілер үшін де өте тиімді болмақ.


Ұлы дала елі

Құрметті пайдаланушылар!

        2016 жылдың 30 қараша күні ТКҒ 265 оқу залында сағат 11.00 де ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және желтоқсан көтерілісінің 30 жылдығына арналған «Ұлы дала елі», «Елбасының мәңгілік ел идеясы» атты тақырыпта Ғылыми кітапхана және «Мұрагер» студенттік клубының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтеді