Жаңа түскен басылымдар

Құрметті оқырман қауым!

3-5 желтоқсан күндері Ғылыми кітапхана фойесінде 2013 жылдың қазан, қараша айларында кітапхана қорына келіп түскен жаңа әдебиеттердің кітап көрмесі ұйымдастырылады.

Көрме сағат 09. 00 - 17. 00. дейін жұмыс жасайды.

Жаңа әдебиеттермен кітапхана сайтындағы "Жаңа түсімдер бюллетені" бөлімі http://e-lib.kazntu.kz/node/1436 арқылы танысуға болады.


1 Желтоқсан Тұңғыш президент күні

Құрметті оқырман қауым!

 

2013 жылдың 28-ші қараша күні Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ Ғылыми кітапханасы Тұңғыш президент күніне Тәрбие департаментінің ұйымдастыруымен өткізген "Менің болашағым жарқын" атты жастар форуымына орай конференция залының фойесінде (МҒ 316) "1 Желтоқсан Тұңғыш президент күні», «Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" және ТКҒ орналасқан 265 оқу залында қоғамдық саяси пәндер кафедрасымен бірлесіп «Желтоқсан – тәуелсіздік бастауы» атты ақпараттық қор акциясын өткізіп, кітап көрмесін ұйымдастырды.


«Лань» баспасы

Құрметті оқырмандар!

«Лань» баспасы журналдармен кітаптардың толықмәтінді жинақтарына ақысыз тестілік қолжеткізу мүмкіндігін ұсынып отыр.
Электронды кітапхана жүйесімен жұмыс істеу үшін, университеттің кез- келген компьютері арқылы www.e.lanbook.com сайтына кіру қажет.

  • пайдаланушының жеке бөлмесін құру;
  • виртуалды кітап сөресін құру;
  • кітаптарға белгілер қою;
  • кітаптың бетіне түсінік, талдау қағаз салу;
  • цитат алу;
  • конспектілеу.

Бүкіләлемдік жаһандану жағдайындағы жастардың дүниетанымдық құндылық бағдарлары

Құрметті студенттер, әріптестер!

 

23.10.2013 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ Ғылыми кітапханасы МҒ фойесінде Бүкіләлемдік жаһандану жағдайындағы жастардың дүниетанымдық құндылық бағдарлары атты кітап көрмесін ұйымдастырды


Бір ел - бір кітап

Құрметті оқырман қауым!

 

 2013 жылдың 9 қазанында сағат 11.30-да Ғылыми кітапхананың № 265 оқу залында (ТКҒ) Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында таңдап алынған Жыл кітабы - Фариза Оңғарсынованың «Дауа» атты лирикалық жыр жинағына арналған «Сезім болып төгілген жібек жырлар» атты әдеби-сазды поэзия кеші мен ақын шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылады.  Кеште Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ студенттері ақынның өлеңдерін оқып, әндерін айтады. Келіңіздер, көріңіздер


Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең - әлем

Құрметті студенттер, әріптестер!

 

Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ Ғылыми кітапханасы ТКҒ 265 бөлмесінде "Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең - әлем" атты тілдер мерекесіне орай кітап көрмесін ұйымдастырды