ҚР ҰҒА академигі Еренғайып Мәлікұлы Шайқұтдінов 80 жаста

Құрметті студенттер, оқырман қауым!

2013-жылдың 31 мамырында Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-нің ұйымдастыруымен «Ғылым ордасы» РМК-да «Химия және химиялық инженерия саласындағы жоғары Білім мен ғылымның қазіргі мәселелері» атты Халықаралық симпозиум болып өтті. Осы симпозиумда ғылым мен білімге үлкен еңбек сіңірген қоғам қайраткері Еренғайып Мәлікұлы Шайқұтдіновтың 80-жылдық мерейтойына байланысты құрметтеу көрсетіліп, Ғылыми кітапхана кітап көрмесін ұйымдастырды.


Халықаралық симпозиум «Химия және химиялық инженерия саласындағы жоғары Білім мен ғылымның қазіргі мәселелері»

Құрметті студенттер, оқырман қауым!

2013-жылдың 30 мамырында Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінде «Химия және химиялық инженерия саласындағы жоғары Білім мен ғылымның қазіргі мәселелері» атты Халықаралық симпозиум болып өтті. Осы симпозиумды өткізу аясында ғылым мен білімге үлкен еңбек сіңірген қоғам қайраткері Еренғайып Мәлікұлы Шайқұтдіновтың 80-жылдық мерейтойына байланысты құрметтеу көрсетілді. Осы шараларға байланысты Ғылыми кітапхана кітап көрмесін ұйымдастырды.


Қазақстан – 2050 стратегиясы. Білім – Ғылым – Инновация

Құрметті студенттер, оқырман қауым!

2013 жылдың 20 мамыр күні Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ Ғылыми кітапханасы Экономика саласы бойынша Нобель сыйлығының иегері, шотландық экономист Джеймс Александр Миррлис мырзаның университетке келуіне орай «Қазақстан – 2050 стратегиясы. Білім – Ғылым – Инновация», «ҚазҰТУ – Қазақстанның инженер кадрлары ұстаханасы» атты кітап көрмесін ұйымдастырады. Кітап көрмесі Тау-кен ғимаратында орналасқан Акт залының фойесінде өтеді.


«Ғылым ордасы» РМК Ғылыми кітапханасы

Құрметті сайт қызметін пайдаланушылар!

2013 жылдың 22 сәуірінен бастап «Ғылым ордасы» РМК Ғылыми кітапханасы Электротехника және электроника инженерлер институты (IEEE) Деректер базасының тестер қорын назарларыңызға ұсынады. Сіздерді ұсынылған мәліметтер қызықтырған болса төменде көрсетілген мекенжай мен телефон нөмірлеріне хабарласыңыздар.

Интернет – зал «Ғылым ордасы» РМК.
Телефон 261-02-49
Факс: 261-02-60
e-mail: cnb@library.kz, cnbrk@mail.ru


Қазақстан – 2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа бағыты

Құрметті ұстаздар, студенттер, әріптестер!

2013 жылдың 5 сәуір күні БОҒ орналасқан акт залының фойесінде «Қазақстан – 2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа бағыты» атты Елбасы Н.Назарбаевтың халыққа жолдаған жолдауын қолдау мақсатында Алматы қалалық жастар ұйымы көшбасшыларын даярлауға арналған шараға Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ Ғылыми кітапханасы аталған тақырып аясында кітап көрмесін ұйымдастырады.


Ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстан Республикасының атқаратын рөлі

Құрметті ұстаздар, студенттер, әріптестер!

2013 жылдың 5 сәуір күні МҒ орналасқан конференция залының фойесінде жас ғалымдар, магистрантар мен студенттердің халықаралық конференциясына орай Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ Ғылыми кітапханасы «Ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстан Республикасының атқаратын рөлі» атты тақырыпта кітап көрмесін өткізеді.


Қазақ мәдениетінің дәлдік рухани тұтастығы

Құрметті зиялы оқырман қауым, студенттер, әріптестер!

2013 жылдың 15 наурыз күні Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті «Қазақ мәдениетінің дәлдік рухани тұтастығы» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға байланысты Ғылыми кітапхана тақырыптық кітап көрмесін ұйымдастырады. Кітап көрмесі МҒ орналасқан конференция залының фойесінде өтеді