Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске 100 жыл

Құрметті пайдаланушылар!

2016 жылдың 30 наурызында Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасыда өтетін (БОҒ, 621 ауд.) 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына арналған дөңгелек үстел тақырыбына орай Ғылыми кітапхана кітап көрмесін ұйымдастырды


IPRbooks Электронды-кітапханалық жүйесі (Ресей)

Құрметті пайдаланушылар!

         IPRbooks Электронды-кітапханалық жүйесі (Ресей) Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті базасында "IPRbooks Электронды-кітапханалық жүйесін білім беру процесінде пайдалану" атты тегін МАСТЕР-КЛАСС сабағын өткізетінін хабарлайды.

 
      Мастер-класс өткізудің негізгі мақсаты: Электронды-кітапханалық жүйесінің беретін мүмкіншіліктерімен, атқаратын қызметтерімен, сондай-ақ оқу процесінде ЭКЖ қалай пайдалану жолдарын тыңдаушыларға таныстыру, ақпарат беру болып табылады.

      Мастер-класс сабағы 2016 жылдың 7 сәуір күні ТКҒ орналасқан 265 оқу залында сағат 10.00 өтеді. Қатысушыларды тіркеу сағат 9.30-10.00.

      Мастер-класс сабағына қатысу үшін міндетті түрде www.iprbookshop.ru сайтына немесе мына сілтеме бойынша: https://docs.google.com/forms/d/1ZxGh7EuYE5vXt0vurslVCjBYqEObgsF3_IDHLtl... тіркелу қажет.

         Барлық оқытушылар мен оқырмандарды, сайт қызметін пайдаланушыларды тренинг сабағына қатысуға шақырамыз.


Назар салыңыздар! IPRbooks ЭКЖ-нің Библиокомплектатор тесттік жүйесі (www.bibliokomplectator.ru)

      16.03 – 16.04.2016 ж. күндері аралығында ҚазҰТЗУ пайдаланушылары үшін IPRbooks ЭКЖ-нің Библиокомплектатор тесттік жүйесіне қолжетімділіктің ашық екенін хабарлаймыз. Оқу ордамыздың әр студенті және әрбір оқытушысы электрондық басылымдардың толық мәтінді базасымен жұмыс жасауға мүмкіндік алып отыр. Библиокомплектатор ЭКЖ әр түрлі пәндер бойынша 30 000 жуық электрондық кітаптарға, ғылыми басылымдарға, аудиобаспаларға, мультимедиялық ресурстарға, 500 жуық кең көлемді ғылыми басылымдар әдебиеттеріне, ғалымдардың және алдыңғы қатарлы авторлық ұжымдардың еңбектеріне қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

      Библиокомплектатор ЭКЖ ресурсына мына http://www.bibliocomplectator.ru/ сілтеме арқылы қосыласыз.

      Қосымшада IPRbooks Электрондық кітапхана жүйесін пайдалану үшін берілген логин мен пароль, тақырыптық жинақтар, жүйені пайдаланудың нұсқаулықтары ұсынылады.


Thomson Reuters

Құрметті пайдаланушылар!

   ҚазҰТЗУ Ғылыми кітапханасы 14 мен 24 наурыз аралығында болатын Thomson Reuters Компаниясының кезекті онлайн-семинарына қатысуға шақырады. Семинар барысында Web of Science платформасының және басқа да сілтемелердің ғылыми жұмыстарымен таныса аласыздар.

Әрі қарай


Құрметті әріптестер!

    8-Наурыз Халықаралық әйелдер мейрамымен шын жүректен құттықтап, әрқашан толысқан айдай ажарланып, күлімдеген күндей нұрланып, шаттық пен қуанышқа бөленіп, береке-бірліктің бастаушысы, игі істердің қостаушысы болып жүре беріңіздер.


Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты

    2016 жылдың 4 наурызында Ғылыми кітапхана қызметкерлері қағаз түріндегі құжаттарды электрондық үлгіге көшіру тұрғысында тәжірибе алмасу мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің қоры ұйымдастырған тәжірибелік семинарға қатысты. Семинар барысында көшірме жасау құрылғысы және ООО «РУ Скан» атты Ресей Федерациясының алып компаниясы ұсынған бағдарлама көпшілік назарына ұсынылды.


Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана

    2016 жылдың 3-ші наурызында Ғылыми кітапхана қызметкерлері Ақпарат күніне орай Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана ұйымдастырған «РҒТК қоры қала мамандары үшін» атты семинарға қатысты. Семинар барысында РҒТК-ның электронды ресурстарындағы басылымдарды пайдаланушылар назарына ұсынылды.