«1 Желтоқсан – Тұңғыш Президент күні»

 

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ Ғылыми кітапханасының оқу залында (ТКҒ-265) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Күніне арналған «1 Желтоқсан – Тұңғыш Президент күні» атты кітап-иллюстрациялық көрмесі ашылды.

Аталған кітап көрмесі Тұңғыш Президент күніне байланысты ұйымдастырылып отыр.


Ақжан Машанидің мұралары

 

А.Машани атындағы Орталық, А.Машани атындағы Базалық білім беру институты және Ө.Байқоңыров атындағы Кен-металлургия институты 2012 жылдың 23 қарашасында «Фарабитанушы Ақжан Машани мұралары және студенттерде интеллектік құндылықтарды қалыптастырудың мәселелері» атты белгілі ғалым академик Ақжан Жақсыбекұлы Машанидің 105 жылдығына арналған Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Осыған байланысты Ғылыми кітапхана «Фарабитанудың абызы Ақжан Машани мұралары», «Мерейлі 75 жасқа шыққан машанитанушы, профессор Шамшаддин Әдіраман еңбектері» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітап көрмесі Мұнай ғимаратында орналасқан конференция залының фойесінде өтті.


Психологиялық семинар-тренинг

 

2012 жылдың 20 қараша күні Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ Ғылыми кітапханасы «Слабые сигналы – сильные решения» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Аталмыш кітап көрмесі университет аралық психология саласындағы семинар-тренингке байланысты өтті.


Халықаралық ғылыми-техникалық конференция

2012 жылдың 15 қарашасында Ғылыми кітапхана ТКҒ орналасқан акт залының фойесінде тау-кен және мұнай-газ саласындағы жетекші отандық және шетелдік ғалымдардың қатысуымен өтетін «Тау-кен және мұнай-газ салаларындағы жаңа технологиялар мен инновациялық жобалар» атты Халықаралық ғылыми-техникалық конференция жұмысына қатысты кітап көрмесін ұйымдастырады.


Тұрар Рысқұловтың туған күніне байланысты эдвайзерлік ашық сабақ сағаты

2012 жылдың 14 қарашасында ТКҒ орналасқан 265 оқу залында Ғылыми кітапхана және А. Бүркітбаев атындағы Өнеркәсіп инженерия институты Стандарттау, сертификаттау және машина жасау технологиясы кафедрасының ұйымдастырумен қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың туғанына 117 жыл толуына орай «Тәуелсіздікті ту еткен қайраткер» атты эдвайзерлік ашық сабақ сағаты өтеді.


Қазақстан ғалымдарының республикалық форумы

 

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінде 7 қарашада Білім және ғылым министрі Б.Т.Жұмағұловтың қатысуымен Қазақстан ғалымдарының республикалық форумы болып өтті. Осы форумға байланысты ҚазҰТУ Ғылыми кітапханасы «Ұлттық инженерлік ғылым академиясы ғалымдарының еңбектері», «Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ жас ғалымдарының еңбектері» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.


Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

«Машина жасаудағы инновациялық технологиялар, жабдықтар және материалдар»

 

01.11.2012 жылы Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ Ғылыми кітапханасы мұнай ғимаратының фойесінде «Машина жасаудағы инновациялық технологиялар, жабдықтар және материалдар» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның өтуіне байланысты осы аталған тақырыпта кітап көрмесін ұйымдастырды.