Ғабит Мүсіреповтың туғанына 115 жыл

Құрметті оқырман қауым!

     Ғылыми кітапхана және Қазақ тілі клубы бірлесіп, 2017 жылдың 4 сәуір күні қазақтың халық жазушысы, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері, Ғабит Мүсіреповтың туғанына 115 жыл толуына орай тақырыптық кеш ұйымдастырады.
      Өтетін орны ТКҒ 265 оқу залы, сағат 10.00


EastView компаниясы ресурстарының тестік жүйесі

Құрметті пайдаланушылар!

      ҚазҰТЗУ-да EastView компаниясы ресурстарының тегін тестік жүйесін пайдаланудың ашылғанын хабарлаймыз.
      Тесттік ресурстар жүйесі арқылы Ресейдің ғылыми-техникалық, жаратылыстану ғылымдары, IT-технологиялар, экономика, қаржы, сондай-ақ педагогикалық білім саласындағы журналдарына қол жеткізе аласыздар.
      Тестік жүйе ҚазҰТЗУ-дың IP-адресі арқылы 27 наурыздан, 15 сәуірге дейін қол жетімді болмақ.
     Тестік жүйені падалану сілтемесі: https://dlib.eastview.com/


Ақпарат күні

  2017 жылдың 24 наурызында Ғылыми Кітапхана қызметкерлері Қ.Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институты қызметкерлеріне «Ақпарат күнін» өткізді.
  Ақпараттық-аналитикалық бөлімінің қызметкерлері, пайдаланушыларды Ғылыми кітапхананың электрондық ресурстарымен жұмыс жасау, сондай-ақ халықаралық деректер қоры ресурстары туралы мәліметтер берілді.
 Жинақтау және әдебиетті ғылыми өңдеу бөлімінің меңгерушісі кафедра профилине сай, сондай-ақ студенттерге қажетті оқулықтармен кітап қорын толықтыру туралы ақпараттармен таныстырды.


«Лань» ЭКЖ баспасының тестілік жүйесі

Құрметті пайдаланушылар!

     15 наурыздан бастап «Лань» ЭКЖ баспасының жинақтарының ашық тестілік жүйесінің ашылғанын хабарлаймыз. Тестілік жүйе:
- Инженерлік-техникалық ғылымдар
- Химия салалары бойынша ашық.
      Тестілік жүйені ҚазҰТЗУ-да орналасқан барлық компьютерлер арқылы http://e.lanbook.com сілтемесі бойынша пайдалануға болады.


IPRbooks электронды кітапхана жүйесі

Құрметті студенттер, магистранттар және оқытушылар!

      Сіздер үшін 2017 жылдың 20 ақпанынан бастап, 2017 жылдың 21 наурызына дейін IPRbooks электронды кітапхана жүйесінің тегін тестілік қорын пайдалану мүмкіндігінің қол жетімді болғанын хабарлаймыз.


Сүлеев Досым Қасымұлы 70 жыл!

2017 жылдың 7 - ші наурыз күні ҚазҰТЗУ-нің МҒ орналасқан конференция залының фойесінде Сүлеев Досым Қасымұлының туғанына 70 жыл толуына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.


«ProQuest Dissertations & Theses A&I» шетелдік диссертациялардың деректер қорына тегін тестілік жүйесі

   ҚазҰТЗУ Ғылым кітапханасы 2017 жылдың 20 ақпанынан бастап ProQuest Dissertations & Theses A&I жүйесінің тегін тестілік деректер қорына қолжетімділіктің ашық екенін хабарлайды.
      ProQuest Dissertations & Theses A&I - әлемнің әр түрлі елдеріндегі университеттерде қорғалған магистрлік және докторлық диссертациялардың электрондық жинағы.
      ProQuest Dissertations & Theses A&I – бұл дегеніміз бүкіл әлемнің ең ірі 80 мемлекетіндегі университеттерінің барлық салалары бойынша қорғалған магистрілік және докторлық диссертациялардың (2,9 млн. толықмәтіндегі жұмыстар мен 3,5 млн. реффераттардан тұрады) толықмәтінде жиналған деректер қоры. Архив қоры 1697 жылға дейін. Жыл сайын 2.7 мыңға жуық ғылыми ұйымдардың 90 мыңға жуық жаңа жұмыстармен қор саны толықтырылып тұрады.

   Тегін тестілік жүйені пайдалану 2017 жылдың 22 науырызына дейін жалғасады.

   Жүйені: https://trials.proquest.com/trials/trialSummary.action?view=subject&tria... сілтемесі арқылы пайдалана аласыздар.

Іздеу нұсқаулығы http://search.proquest.com/help/academic.ru-RU/webframe.html?Help_Overvi...