«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында шығарылған кітаптарды таныстыру

 

Құрметті студенттер, оқытушылар!

  Ғылыми кітапхана қорына "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасы аясында шығарылған 17 кітаптың сыйлық ретінді келіп түскенін қуана хабарлаймыз. Оқулықтар философия, әлеуметтену, психология, тіл білімі, экономика, менеджмент, дінтану, антропология, журналистика бағыттары бойынша аударылған. 

  Оқулықтарды ТКҒ орналасқан Ғылыми кітапхананың № 176 оқу залынан таба аласыздар


Enago компаниясы тегін вебинар өткізеді

 

Құрметті ғалымдар, ғылыми қызметкерлер және ғылыми мақалалардың авторлары!

Enago компаниясы біздің университет қызметкерлеріне арнап тегін вебинар өткізеді. 

Сипаттама: Enago компаниясы қазақстандық зерттеушілер үшін халықаралық, рейтингтік ғылыми журналдарға мақалалар жариялаудағы атқаратын қызметтері туралы ақпараттарды ұсынады.


Ақпарат

 

Құрметті пайдаланушылар, Сіздерге ғылыми кітапханананың электронды ресурстар қорымен жұмыс істеу бойынша оқу материалдары жазылған видео-бейнені назарларыңызға ұсынамыз:

http://e-lib.kazntu.kz/node/2469


Clarivate Analytics компаниясынан онлайн-семинар

 

Құрметті ғалымдар мен ғылыми мақалалардың авторлары!

Сіздерді 2018 жылдың 28-31 мамыр аралығында өткізілетін Clarivate Analytics  компаниясының ғылыми жарияланымдардың өзекті мәселелері бойынша өткізетін онлайн семинарларына қатысуға шақырамыз


Виртуальды оқу залы әрқашан сізбен бірге!

 

2018 жылдың 23 мамырында Ғылыми кітапхананың Ақпараттық-аналитикалық бөлімі қызметкерлері «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығында оқитын 2 курс студенттеріне электронды ресурстармен онлайн режимде жұмыс жасаудың жаңа мүмкіндіктері мен қызметтері туралы айтып берді.


Clarivate Analitics компаниясынан семинар

 

 

  2018 жылдың 22 мамырында Satbayev University Ғылыми кітапханасында магистранттар, докторанттар мен университеттің ғалымдарына арналған «Ғылыми зерттеулерді жүргізу және талдау үшін техникалық ғылымдарға арналған Web of Science ақпараттық ғылыми-талдау платформасының кеңейтілген мүмкіндіктері: техникалық мамандықтар» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

 


Enago компаниясы өкілдерімен кездесу

Satbayev University Ғылыми кітапханасында Enago компаниясының менеджерлері Раина Зиятдинова және Николь (Неха) Арья кедесу болып өтті. Кездесуге Университеттің ғылыми қызметкерлері, магистранттары қатысты. Компания өкілдері ресурстың атқаратын қызметтері мен мүмкіндіктері туралы айтып өтті. Компания әртүрлі қолдау қызметтерін ұсынады. Осы кезге дейін компания авторларға Халықаралық реценцияланған журналдарға ғылыми еңбектер жариялауға көмек беріп келеді. Кездесу барысында ғылыми жарияланымдарды дайындау мен болашақтағы бірлесу жұмыстары туралы сұрақтар талқыланды.