Жаңа технологиялар бөлімі


Бөлімнің міндеттері

  • Жергілікті жүйе құру;
  • Интернет орталығын құру;
  • Кітапханалық процесстерді автоматтандыру;
  • Электрондық картотекаларды құру;
  • Электрондық каталогтарды құру;
  • Университеттің жергілікті желісіне қосылу;
  • Кітап қорына штрихтық идентификацияны енгізу;
  • «Әдебиетті беру» модулін енгізу;
  • Оқырман формулярын электронды тұрғыда енгізу;
  • Кітаптарды сканерлеу секторын ашу.

1987 жылы ЭЕМ–ді кітапхана жұмысына енгізудің алғашқы қадамы жасалынды. 1998 жылдан бастап кітапхана автоматтандыру процесіне белсенді түрде кірісті де, «АБИС» кітапханалық-ақпараттық жүйесін , ал 2002 жылы жетілдірілген РАБИС бағдарламасын алды. Бүгінгі күні ҒК «РАБИС – WIN- СЕТЬ» бағдарламасымен жұмыс жасайды. Кітап қорын жинақтау, каталогтандыру, оқырмандарға ақпараттық қызмет көрсету процесстері автоматтандырылған.

Жаңа технологиялар бөлімі:

Жаңа технологиялар бөлімі (сол кездегі автоматтандыру бөлімі) 1998 жылы 17 желтоқсанда Ғылыми кітапханада жұмысын бастады.

2012 жылы кітап қорын штрихкодтау жұмысы басталды. 2013 жылы электронды кітапхананың қорын ұлғайту мақсатында Элар ПланСкан кітап сканері сатып алынды.

  • «Юр Инфо» (қазір «Параграф» деп аталады) мәліметтер базасына қосыла алады.
  • http://lib.kazntu.kz деген өзінің web-сайты бар.
  • Libr@ntu.kz электрондық поштасы бар.