Ақпараттық-аналитикалық бөлім


Бөлімнің міндеттері:

  • Пайдаланушыларға жаңа және дәстүрлі ақпараттық технологиялар, Интернет ресурстары негізінде ақпараттық-библиографиялық және анықтамалық қызмет көрсету;
  • Тақырыптық картотекалардың деректер базасын құру;
  • Толық мәтінді деректер базасын құру бойынша жұмыс істеу;
  • ОПҰ басылымдарымен электронды кітапхананы толықтыру;
  • ЮрИнфо фирмасының «Параграф» ақпараттық жүйесінен мәліметтер іздеу;
  • Кітапхана оқырмандарына каталогтарды пайдалануда кеңес беру және әдебиетті компьютерден «РАБИС» бағдарламасы бойынша жедел іздестіру.
  • Өз кітапханасының жұмысын, сонымен қатар әдістемелік орталыққа қарасты кітапханалар жұмысын ұйымдастыру және әдістемелеу;
  • Электрондық басылымдардың «Жаңа түскен басылымдар бюллетенін» ай сайын құру;
  • Маңызды тақырыптағы ұсынылатын библиографиялық әдебиеттің тізімін, библиографиялық және биобиблиографиялық көрсеткіштерді құру;
  • Статистикалық мәліметтерге талдау жасау;
  • Кітапханада ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
  • Бұқаралық, көрме қызметін библиографиялық қамтамасыз ету;
  • Кітапхана қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруды ұйымдастыру.