Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі ( 2 бөлім )


Бөлімдердің міндеттері:

  • Оқырмандарға жедел және тиімді қызмет көрсету;
  • Оқырмандарға әдебиет беретін 18 нүктеде саралы кітапханалық қызмет көрсету
  • Абонементтер мен оқу залдарындағы мемлекеттік тілдегі қорды университеттің профиліне және оқырмандардың ақпараттық қажеттіліктеріне сәйкес қалыптастыру;
  • Абонементтер мен оқу залдарында, тақырыптық және жаңа әдебиет көрмелерін ұйымдастыру, конференциялар мен кештер өткізу арқылы мемлекеттік тілдегі әдебиетті насихаттау;
  • Оқырмандар картотекасының деректер базасын жасау;
  • Жұмыстың әдістері мен формасын жетілдіру;
  • «Оқырмандарды тіркеу» модулін енгізу;
  • «Әдебиетті беру» модулін енгізу;
  • Оқырман формулярын электронды тұрғыда енгізу;
  • Кітап қорына штрихтық идентификацияны енгізу;
  • Қарыз оқырмандармен жүйелі түрде жұмыс жасау.

Оқу залдарының міндеттері:

  • Университеттің білім алушыларына, профессорлық-оқытушылық құрамына және ғылыми қызметкерлеріне ақпараттық сұранымдарына (кітаптар және мерзімді басылымдар) сәйкес толық әрі жедел түрде кітапханалық және ақпараттық қызмет көрсету;
  • Оқырмандардың ақпараттық қажеттіліктеріне және оқу залының профиліне сай қорды құру;
  • Пайдаланушылардың өзіндік жұмыстарына әдебиетті таңдауда жеке кеңес беру әдісін колдану арқылы қызмет көрсету;
  • Мерзімді басылымдар сақтау қорынан тапсырыстарды орындау;
  • Кітап қорын сақтауды ұйымдастыру.
  • Жоғарғы курс студенттерінің қазақ тіліндегі әдебиет абонементі

    Бөлімнің абонементтері:

    Төменгі курс студенттеріне қазақ тіліндегі әдебиетпен қызмет көрсету абонементі ТКҒ, 266-бөлме
    Жоғарғы курс студенттері және университет қызметкерлерінің абонементі ТКҒ, 271-бөлме
    Шет тіліндегі әдебиеттер абонементі ТКҒ, 270-бөлме

    Бөлімнің оқу залдары:

    Гуманитарлы-техникалық ғылымдар залы ТКҒ, 273-бөлме
    М. Батырбеков атындағы оқу залы ТКҒ, 268-бөлме
    Техникалық ғылымдар залы ТКҒ, 269-бөлме
    Электронды оқу залы ТКҒ, 265-бөлме
    Шет тілдер әдебиеті абонементі жанындағы кіші зал ТКҒ, 270-бөлме

    ҚазҰТЗУ ғылыми кітапханасы, алғашқылардың бірі болып, мемлекеттік тілдегі әдебиет қорын бөлді:

    • 1995 жылы мемлекеттік тілдегі оқу және ғылыми әдебиет абонементі ашылды, 2007 жылы (қазақ тіліндегі әдебиетпен) жоғарғы курс студенттері және университет қызметкерлерінің абонементі болып қайта құрылды;
    • 1997 жылы қазақ тіліндегі әдебиет оқу залы ашылды, ол 2002 жылы гуманитарлық ғылымдар залы болып қайта өзгертілді;
    • 2002 жылы қазақ тіліндегі әдебиетпен техникалық ғылымдар оқу залы ашылды;
    • 2007 жылы мемлекеттік тілде оқитын төменгі курс студенттеріне арналған абонемент ашылды.

    Бөлім ресми түрде 2002 жылы ақпан айында ашылды, жоғарыда айтылған 4 нүктеден басқа бөлімге аумақтық орналасуы бойынша (Бөлім ТКҒ-ның 2- қабатының батыс бөлігін алып жатыр) шет тілдер әдебиеті абонементі мен кіші залы, студенттер оқу залы, ақпараттану, экономика және экология залдары қосылды. Осылайша бөлім құрылымы 8 нүктеден: 3 абонемент, және 5 оқу залынан тұрады.

    Бүгінгі күні қазақ тіліндегі әдебиет қоры 504 919 дана - жалпы қордың 24, 5 %-ын , шет тілдер әдебиеті 44432 дана – жалпы қордың 2,2%-ын құрайды. 

     

    Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі

    Бөлімнің абонементтері:

    Төменгі курс студенттерінің орыс тіліндегі әдебиет абонементі ТКҒ, 187-бөлме
    Жоғарғы курс студенттері, магистранттар, докторанттар және университет қызметкерлерінің орыс тіліндегі әдебиет абонементі ТКҒ, 174-бөлме
    Ғылыми әдебиет абонементі ТКҒ, 172-бөлме
    АжТТИ әдебиеті абонементі ТКҒ, 264-бөлме
    Көркем әдебиет абонементі ТКҒ, 183-бөлме

    Бөлімнің оқу залдары:

    Электрондық басылымдар оқу залы ТКҒ, 176-бөлме
    Мерзімді басылымдар оқу залы ТКҒ, 176-бөлме
    Сирек кітаптар және диссертациялар залы ТКҒ, 177-бөлме
    Жаңа технологиялар бөлімі ТКҒ, 165-бөлме