Бүгінгі ҚазҰТЗУ Ғылыми кітапханасы, бұл:


  • 2 000 000 дана басылымдарды сақтап отырған ірі қор иесі;
  • оқу және ғылыми ізденістерді қамтамасыз етуші ақпараттық орталық;
  • кітапхана жұмысының заман талабына сай орталығы;
  • 18 нүктеде ақпарат беруге саралы қызмет көрсетуші;
  • 17 000-нан аса оқырман, жыл сайын 730 387 кітап беру және оқырмандардың 409 739 рет келуі;
  • техникалық оқу орындары кітапханалары үшін әдістемелік орталық;
  • Қазақстан Республикасы Кітапханалар қауымдастығының мүшесі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы оқу орындарының кітапханалар қауымдастығының мүшесі;
  • Кітапхана – Қазақстан кітапханаларының ақпараттық консорциумының мүшесі;
  • Кітап қорын сапалы жаңарту және жаңа технологияларды енгізу жөнінен ҚР ЖОО қауымдастығының «Үздік кітапхана» номинациясы дипломының иегері;
  • Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің Ғылыми кітапханасы Республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана сайтына библиографиялық сипаттамалардың сілтемесін орнатуда Қазақстандағы жоғары оқу орындары кітапханаларының арасында бірінші орынға ие болып, белсенділер қатарынан көрінді.

 

Даму жоспарымыз:

  • жергілікті желіні (ЖЖ) кеңейту және модернизациялау;
  • электронды кітапхана қорын ұлғайту;
  • жаңа бағдарламамен қамтамасыз етуге көшу;
  • оқытушы - профессорлар құрамы үшін оқу залын ұйымдастыру;
  • кітапхана ісін автоматтандыру;
  • абономенттерде әдебиетті беруді электронды тұрғыда ұйымдастыру;
  • оқырман билеттері мен әдебиетті цифрлық өңдеу және штрихтық идентификациялауды енгізу;
  • мемлекеттік тілдегі оқу -әдістемелік әдебиетпен қаматмасыздықты 100%-ға жеткізу;
  • кітапхананың ауданын кеңейту мақсатында, ҚР СТ 1158-2002 сәйкес, жаңа ғимаратын пайдалануды жүзеге асыру;
  • оқу залдарындағы орын санын 1500- ден 2000- ға дейін көбейту;
  • сапа менеджменті жүйесінің нәтижелерін үнемі жақсартып отыру.