Кітап сыйға тартылды


 

Ғылыми кітапхананың кітап қорына геологиялық және минералогия ғылымдарының докторы, профессор В.Кошелевтің «Қазақстандағы пайдалы қазбаларды экономикалық бағалау және болжау» монографиясын сыйға тартты

Монография көпфакторлы ақпарат негізінде минералды ресурстарды болжаудың жаңа әдісін негіздейді. Бұл дегеніміз компьютерлік технологияны қолдана отырып, ресурстардың сандық болжамын жаңа деңгейде шешу мүмкіндігін береді. 

Кітапта Қазақстанның кен орындарын геологиялық-экономикалық бағалау, статикалық есептеулер мен пайдалы қазбаларды экономикалық бағалаудың динамикалық әдістері мен негізгі экономикалық көрсеткіштерін есепке алу қарастырылған.

 

Монографиядағы материалдары техникалық жоғары оқу орындарының оқытушылары, магистранттары мен студенттері пайдалана алады