IEEE цифрлық кітапханасы: жаңалықтарды ашу және ақпараттық қолдау құралы


 

30 қарашада Ғылыми кітапханада Satbayev University оқу жұмысы жөніндегі проректоры Р. М. Ысқақов және  IEEE компаниясының өкілдері Мехмет Хасеки, М.Жармұхаметовпен кездесу өтті. 

Компания Электротехника, электроника, компьютерлік технологиялар, информатика және басқа да ғылым салаларында ғылыми қызметті ұйымдастыру және дамытудағы өз ақпараттық өнімдерін ұсынды. Кездесу барысында екі жақты тараптар барысынан университеттің Ғылыми кітапханасының пайдаланушылары үшін IEEE цифрлы кітапханасының ресурстарына тестілік қолжетімділікті ашуға және одан әрі де ынтымақтастықты дамытуға келісті. Institute of Electrical and Electronics Engineers IEEE компаниясы әлемдегі ең ірі коммерциялық емес ұйым болып табылады және де әлемнің 160 елінен келген мамандарды біріктіреді. IEEE 200-ге жуық ғылыми және ғылыми басылымдарды шығарады, электроника және электротехника стандарттарын әзірлеуде әлемдік көшбасшы болып табылады (деректер базасында 5 мыңнан астам өндірістік және технологиялық стандарттары бар).