«Бір ел – бір кітап – 2018»


 

     24 қазан күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Бір ел – бір кітап – 2018» республикалық акциясы аясында Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабы бойынша, «Ұлт намысы болған ұлы тұлға» атты қазақтың біртуар батыры, екінші Дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлының келіні, қазақы дәстүрлерді насихаттаушы, “Шуақты күндер”, “Бабалар аманаты”, “Күретамыр” кітаптарының авторы – Зейнеп Ахметовамен кездесу кеші болып өтті. Кездесуде Зейнеп Ахметова жастарға ұлттық тәрбие, рухани құндылық, салт-дәстүр, ене мен келін арасындағы сыйластық, бала тәрбиесі туралы өзінің өмірден түйген тәжірибелері туралы кеңінен әңгімеледі. Сонымен қатар қалам мен қаруды қатар ұстаған батыр Бауыржан Момышұлының өмірі, қазіргі жастар тәрбиесі, оларды отансүйгіштікке тәрбиелеудегі тақырыптар талқыланып, студенттер мен кездесуге келген оқырмандардың терең қызығушылығын оятқан тағылымы мол кездесудің тәрбиелік мәні өте зор болды.