«IT&Library: білімге қол жеткізудің жаңа жолдарын іздеуде» халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинары


 

2018 жылдың 13 маусымында Алматы қаласында «IT&Library: білімге қол жеткізудің жаңа жолдарын іздеуде» атты ғылыми-тәжірибелік семинары болып өтті.

Семинарды EBSCOInformation Services компаниясының қолдауымен Сатбаев атындағы Университеттің Ғылыми кітапханасы ұйымдастырды. Семинарға Алматы қаласының 20-дан астам ірі университет кітапханаларының қызметкерлері мен IT құрылымының өкілдері қатысты. Семинар барысында кітапханадағы EDS  қызметін пайдаланудың негізгі мәселелері, компания жүйелерін университеттің білім беру порталдарымен біріктіру мүмкіндіктері, кітапхананың ресурстарына мониторинг жүргізу және бақылаудың жаңа жүйелері туралы мәселелер қарастырылды. Семинарға Спикер ретінде  EBSCO компаниясының жетекші сарапшысы, Солтүстік Еуропа мен Еуразиядағы жетекші инженері - Klaus Wolf (Германия) қатысты. 

Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды. 

Скачать презентацию    EBSCO Discovery Service        OpenAthens, Folio, EBSCO Support