«МегаПро» бағдарламасы: кітапхана үшін жаңа мүмкіндіктер


 

Сәтбаев университетінің Ғылыми кітапханасы өзінің оқырмандарына және серіктестеріне 2018 жылдың 4 маусымынан бастап кітапханада ақпараттық қызметтер нарығындағы  MegaPRO жаңа инновацияларға негізделген бағдарламасының енгізілгенін қуана хабарлаймыз.

Жүйенің іске қосылуы студенттер мен университет ғылыми зерттеушілері үшін ішкі және сыртқы ақпараттық ресурстарға, интернет арқылы қажетті  мәліметтерге жедел қол жеткізуге көмектеседі.

Бағдарлама туралы қысқаша ақпарат: MegaPro бағдарламасын ресейлік «Дата Экспресс» ЖШС компаниясы әзірлеген. Бағдарлама Ақпараттық-кітапханалық қызметті кешенді автоматтандыру, ақпараттық ресурстарды тиімді басқару және веб-технологиялар негізінде оларға қолжетімділікті арттырудағы жаңа шешімдерді ұсынады. «МегаПро» бағдарламасы - бұл жаңа ұрпақтың веб-жүйесі, оны дәстүрлі де нұсқаларда қолдануға болады.

Бағдарламамен жұмыс Интернет желісі бар кез-келген модульды веб-интерфейс және жергілікті компьютер желісі арқылы жүзеге асырылады .