Виртуальды оқу залы әрқашан сізбен бірге!


 

2018 жылдың 23 мамырында Ғылыми кітапхананың Ақпараттық-аналитикалық бөлімі қызметкерлері «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығында оқитын 2 курс студенттеріне электронды ресурстармен онлайн режимде жұмыс жасаудың жаңа мүмкіндіктері мен қызметтері туралы айтып берді.

«Виртуальды оқу залы әрдайым сіздермен бірге!» тренингтері оқырмандардың ақпараттық мәдениетін жақсарту бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Студенттер ақпараттық ресурстар туралы жақсы дерекқорларды белсенді пайдаланады. Жас оқырмандар электронды ресурстардың мүмкіндіктерін, сондай-ақ мобильдік қосымшалардың ыңғайлы тұстарын жоғары бағалады.

Естеріңізге сала кетейік, Ақпараттық-аналитикалық бөлім белсенді түрде барлық кітапхана келетін оқырмандар үшін деректер базасымен жұмыс істеу бойынша жеке және топтық кеңестер жүргізеді, ғылыми зерттеушілердің қоғамдық белсенділігін арттыруға көмектеседі. Электрондық ресурстарды үйде де қол жетімді болуы үшін университет қабырғасында тіркелуден өту қажет. Толық ақпаратты келесі телефондар арқылы алуға болады: 73-31, каб. 260.