ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАДАҒЫ БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІ КҮНДЕРІ


     2017 жылдың 14 мен 15 тамыз аралығында ҚазҰТЗУ Ғылыми кітапханасында «Ғылыми кітапханадағы ашық есік апаталығы» өтеді. Апталықты өткізудегі мақсат бірінші курс студенттерін Ғылыми кітапхана қызметтерімен таныстыру.     

      Апталық барысында Ғылыми кітапхана қызметкерлері бірінші курс студенттеріне арналған шеберлік-сынып сабақтарын өткізеді. Сабақтар барысында студенттер кітапхана тарихымен, атқаратын қызметтерімен, ғылыми-білім беру ресурстарымен таныса алады.  Экскурсия барысында бірінші курс студенттері кітапхана каталогымен, анықтама қорларымен, электрондық ресурстары туралы ақпараттармен таныса алады.