Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана


Құрметті пайдаланушылар!

     Республикалық ғылыми-техниалық кітапхана мен ҚазҰТЗУ Ғылыми кітапханасы арасындағы демеушілікке байланысты Республикалық ғылыми-техникалық кітапханасы ҚазҰТЗУ студенттері мен оқытушыларына арнап өздерінің патентік және кітапханалық-ақпараттық қызметтерін ұсынады. Кітапхананың мекен-жайы:
- Кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету орталығы – Төле би көшесі № 73, (Наурызбай батыр көшесінің қиылысында);
- Патенттік-ақпараттық жұмыс орталығы - Сәтбаев көшесі № 53 (Жароков көшесінің қиылысында);
- Арнайы техникалық әдебиеттер мен құжат түрлерімен жұмыс жасау жөніндегі орталығы – С. Мұқанов көшесі № 233

 

     РҒТК қоры 40 млн. астам кітаптар мен журналдар, стандарттар, өндірістік каталогтар, жарияланбаған материалдар, докторлық және кандидаттық диссертациялық, т.б. құжаттарды қамтиды. Республикалық ғылыми-техникалық кітапханасы «Кітапханалық-ақпараттық қызмет орталығы ұсынатын тізбеге» сәйкес кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету жұмыстарын жүзеге асырады.
     Кітапхана қызметтерін пайдалану үшін өзіңізбен бірге төмендегі құжаттар болуы тиіс:
•жеке куәлік;

• студент, магистрант, доктарант куәлігі болуы керек.

 қосымша - РҒТК ұсынатын қызметтер тізімі