«Біздің уақыттың батырлары» кездесу кеші


      ҚазҰТЗУ-дың Ғылыми кітапханасы 3 мамыр күні Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай университеттің тарихи мұражайында кездесу кеш өткізді.
      «Біздің уақыттың батырлары» атты кештің қонақтары болып университетте қызмет атқаратын Ауған соғысына қатысушы батырлар – Қазақ-Француз орталығының директоры Бердібеков Әбдусаттар Опабекұлы мен өндіріс шеберханасының қызметкері – Зубков Владимир Владимирович қатысты.

 

     1989 жылдың 15 ақпанында Ұлы Отан соғысынан да ұзақ уақытқа созылған соғыс аяқталды. Кеш қонақтары сол кезеңдегі әуендермен, оқиғалармен, есте қалған естеліктерімен бөлісті.
     Біздің уақыттың батырлары нағыз ержүрек, өздерінің Отанынының нағыз азаматтары деген атқа әбден лайық жандар.