Нұрпейісова Маржан Байсанқызы – 80 жаста


     Ғылыми кітапхананың № 265 (ТКҒ) оқу залында техника ғылымдарының докторы,профессор, Нұрпейісова Маржан Байсанқызының 80 жасқа толған мерейтойына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.
      Көрменің мақсаты техника ғылымының докторы, профессор, Маржан Байсанқызының мұрасын, оның өмірі мен шығармашылығын, қоғамдық қызметін насихаттау. Кітап көрмесіне Маржан Байсанқызы Нұрпейісованың өмірбаяны, фотосуреттері, монографиялары, оқулықтары, сондай-ақ ғылыми конференцияларда жарияланған материалдары мен жазған еңбектері қойылды