Тестілік жүйенің аяқталуы

 Құрметті Satbayev University оқытушылары, студенттер. магистранттар, докторанттар!

Satbayev University Ғылыми кітапханасында Wiley  2019 жылдың 30 маусымында тегін тестілік жүйесінің аяқталатынын естеріңізге саламыз.


«ЖОО кітапханасын дамытудағы заманауи әлемдік үрдістер» атты VIII Халықаралық конференциясы

 

 

 

 

 

 

2019 жылдың 6-7 маусымында жоғары білім көшбасшыларының Еуразиялық форумы аясында «ЖОО кітапханасын дамытудағы заманауи әлемдік үрдістер» атты VIII Халықаралық конференциясы сәтті өтті. Іс-шараны Назарбаев Университетінің кітапханасы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Ғылыми кітапханасы және «Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары кітапханаларының қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.


SU студентерін Ғылыми кітапхананың ақпараттық ресурстарымен таныстыру

        

2019 жылдың 24 мамыры күні Ғылыми кітапхананың Ақпараттық-аналитикалық бөлімі қызметкерлері Ә. Бүркітбаев атындағы Өнеркәсіптік инженерия институты студенттері үшін Ақпараттық тәжірибе сағатын өткізді. Іс-шара барысында студенттер кітапхана құрылымы мен пайдалану туралы ережелерімен танысты. Бөлім қызметкерлері студенттерге: 

  • Ақпараттық ресурстарды қалай пайдалануға болады?
  • Оқырманның жеке кабинетіне қалай қолжеткізі керек?
  • Деректер қорына қалай тіркелу және қажетті оқулықтарды қалай пайдалану керек? деген сұрақтарға жауаптар алды.

«IPRbooks» ЭКЖ виртуальды кітап көрмесі

 

Ғылыми кітапхананың ақпараттық-аналитикалық бөлімі IPRbooks ЭКЖ  қорынан жинақталған келесі виртуальды кітап көрмесін назарларыңызға ұсынады. Виртуальды көрменің бұл жолғы шығарылымы "Құрылымдық геология, тау-кен ісі, мұнай ісі және геодезия" салаларын қамтиды.


Ақпарат күні

 

23 мамыр күні Ғылыми кітапхананың ақпараттық-аналитикалық бөлімі "Тау-кен" мамандығы бойынша білім алып жатқан 1-курс студенттеріне Электронды ресурстар, олардың атқаратын қызметері мен оқырмандарға беретін пайдасы туралы тәжірибе сағатын өткізіп, кеңестермен бөлісті.


Сәтбаев - біздің замандасымыз

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ және Халықаралық Қ. И. Сәтбаев қоры және Студенттер мәселелері жөніндегі департаментке қарасты Тарихи мұралар орталығы әлем таныған біртуар тұлға, ғұлама ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 120 жыл толуына орай «Сәтбаев – біздің замандасымыз» атты эссе байқауын республика көлемінде ұйымдастырған болатын. 22 мамыр күні Ғылыми кітапханада байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болып өтті. Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!


Химиялық және биологиялық технологиялар институты

 

21 мамыр күні Химиялық және биологиялық технологиялар институтының 1 курс студенттеріне Ғылыми кітапхана қызметкерлері электронды кітапхана туралы дәріс өткізді.