«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»


Ғылыми кітапхана қоры тағы да жаңа оқулықтармен толықты. «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында әлемдік бестселлер Стивен Ковидің «Жасампаз жандардың 7 дағдысы» мен Юваль Хараридің «Адамзаттың қысқаша тарихы» еңбегі қазақ тіліне аударылды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен жарыққа шыққан қос кітап жеке тұлғаның дамуына, қалыптасуына бағыт-бағдар беретін Стивен Ковидің кітабы әлемнің 40 тіліне аударылып, 30 миллион данамен тараған. Бұл кітапты қазақ тіліне Ғосман Төреғұл, Жақсылық Самұрат, Өмірзақ Ақжігіт, Шынар Әбілда сияқты авторлар аударған. 
Ал Харари «Адамзаттың қысқаша тарихы» арқылы оқырманды қоршаған орта туралы түсініктердің бәрін қайта қарауға бағыттайды. Хараридің “Sapiens: Адамзаттың қысқаша тарихы” 20-дан астам мемлекетте 7 миллион данамен таралған. Оны қазақ тіліне аударған автор – Мақсот Ізімұлы.
Айта кетейік, аударма бюросының бұған дейін шығарған кітаптары Жоғары оқу орындарындағы оқу бағдарламасына енгізілген болса, бұл екі кітап жаңа идеяға құмар жандарға арналған.
Кітапхана қорына келіп түскен қос жаңа оқулықты оқу залдарында пайдаланып, абонементтер арқылы үйге де алып пайдалануға болады.